«Ақсуат ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

   Ақсуат ауданы әкімдігінің

      2026 жылғы 16 сәуірдегі

                       № 166 қаулысына қосымша

 

 

«Ақсуат ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. «Ақсуат ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Ақсуат ауданы аумағында қоғамдық-саяси ахуалды бақылайтын, мәдениет үйлері мен кітапханаларына басшылықты жүзеге асырады.

1.2. Бөлім өзінің қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, Абай облысы әкімінің және әкімдіктің (бұдан әрі мәтін бойынша- облыс әкімі және әкімдігі), аудан әкімінің және әкімдіктің актілеріне (бұдан әрі мәтін бойынша – аудан әкімі және әкімдігі), сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады). 

1.3. Бөлім ұйымдастыру - құқықтық нысандағы заңды тұлға болып саналады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өзінің атауы басылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері мен Қазынашылық органдарында есеп шоты бар.

1.4. Бөлім өз атынан азаматтық- құқықтық қатынастарға түсе алады.

1.5. Бөлім егер де заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттік атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

1.6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада берілген тәртіппен бұйрық ретінде актілер қабылдайды.

1.7. Бөлімнің штат санының лимиті және оның құрылымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

1.8. Бөлімнің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы,  Ы. Кәбеков көшесі, 8 үй, пошталық индексі 180600.

1.9. Мемлекеттік органның толық атауы:

1) мемлекеттік тілде: «Ақсуат ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

2) орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел внутренней политики, культуры и развития языко района Аксуат».

1.10. Осы Ереже «Ақсуат ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжат болып табылады.

1.11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Ақсуат ауданының жергілікті бюджетінен іске асырылады.

1.12. Бөлімге мемлекеттік органдардың қызметі болып табылатын міндеттемелерді орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

1.13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметі жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның, нысаны, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары және міндеттері

 

2.1.Мемлекеттік органдардың миссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

2.2. Нысаны:

1) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық халықтардың ұлтаралық бірлестігі мен мәдени байланысын нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік суверенитетті нығайту, қоғамдық процесті демократияландыру және қоғамдардың бірігуі жөніндегі мемлекеттік саясаты қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысу;

2) Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және біріңғай мемлекеттік тіл саясатын қамтамасыз ету;

2.3. Міндеттері:

1) ауданда өтіп жатқан қоғамдық-саяси процестермен, оларды дамыту тенденциясын жан-жақты және әділ зерделеу, жинақтап қорыту және талдау;

2) мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламалары, ішкі саясат мәселесі заңнамасы, 2030 жылға дейін Қазақстанды дамытудың негізгі басымдықтар Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарға қатысу;

3) ауданның бұқаралық ақпарат құралдарының жариялымдарының саяси бағытын үйлестіру, республикалық, облыстық және аудандық мерзімді ресми басылымдарға жазылу науқанының жүргізілуін ұйымдастыру мен көмек көрсету; үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, оның ішінде әйелдер кеңестермен, саяси партиялармен, діни ұйымдарымен, ардагер Кеңесімен, қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

4) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, жастар саясаты саласындағы аудандық бағдарламаларды толық көлемінде жүзеге асыру, болашақ ұрпақты қазақстандық ұлтжандылыққа және интернационализмге тәрбиелеу; жастар ортасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алу;

5) ауданның аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын жүзеге асыру;

6) «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын және мәдениет саласындағы басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру;

7) аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі, ауданның мәдениет мекемелерін басқару, ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету;

8) Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнамасының аудан аумағындағы орындалуына өз құзыреті шегінде бақылау жасау;

9) Тіл туралы заңнаманың сақталуын бақылау және әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау

10) мәдени және тарихи мұраны жандандыру, сақтау, дамыту, тарату мен қолдану жөніндегі қоғамдық қарым-қатынастарды қалыптастыру және реттеу, тарихи ескірткіштерді, материалдық және рухани мәдениетті есепке алу, қорғау, жаналаумен қолдану жқмыстарын ұйымдастыру, тарихи – мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету.

2.4. Функциялары:

  • мемлекеттік ішкі саясаттарын, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері және тапсырмаларын жүзеге асыру барысы ауданда мемлекеттік органдармен және лауазымдық тұлғалармен орындалуына бақылау жасау;
  • аудандағы қоғамдық - саяси жағдайлардың әдістері мен болжамына бағытталған кең қамтылған әлеуметтік және саясаттық зерттеулерді жүргізу;
  • Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңнамаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік көмек көрсету және заңнаманың орындалуына бақылау жасау;
  • мемлекеттік және басқа да мекемелерге, мағыналы саяси оқиғаларға арналған қоғамдық - саяси іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасы аумағында тұратын барлық халықтын мәдени байланысы және ұлт аралық бірлігін бекіту бойынша шараларды ұйымдастыру;
  • мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • аудан халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
  • азаматтарды эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
  • мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамассыз ету және материалдық – техникалық базасын нығайту;
  • дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
  • мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай – ақ қатыгездікке  зорлық – зомбылықа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдану;
  • мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуіне және әкелінуіне, оған меншік иесі құқығының басқаға заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;
  • мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;
  • тіл туралы заңдарды жүзеге асыру және оның орындалуына бақылау жасау;
  • тіл туралы заңдарға байланысты іс - құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуін қадағалау және уақыт талабына сай қызмет етуіне ат салысу;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін және басқа ұлт тілдерін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жолындағы (мекемелердің, мектептердің, кәсіпорындар мен басқа да ұжымдардың) бірлескен іс – қимылдарын үйлестіріп отыру;
  • ауданда мемлекеттік тілді ұтымды дамыту және оның қоғамдық қызметінің аясын кеңейту жөнінде жаңа кешенді бағдарламалар әзірленуіне, оның жүзеге асырылуына үлес қосу;
  • ономастикалық жұмыстарға: елді мекен, жер-су аттарын реттеп, тарихи қалпына келтіруді реттеу;
  • терминдерді анықтау жұмысын қадағалау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени баайланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;
  1. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі           75-бабының 2-1-тармағына сәйкес, тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті құрылымдық бөлімше басшысы мен оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2.5. Құқықтары мен міндеттері:

1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардан, ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттар сұрау, жоғарғы органдардың келісімі бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін бөлімінің құзыретіне енетін мәселелерді дайындауда қатысуға  тарту;

2) аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың қызметтерін ұйымдастыруды жетілдеру бойынша аудан әкіміне ұсыныс енгізу, бөлімді жүргізуге енетін мәселелер бойынша ақпараттық-ұқсастық және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру;

3) бөлімнің өз қызмет саласына енетін, сәйкес келетін мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғаларға тапсырма беру, оларды орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу;

4) аудан деңгейінде ақпараттық саясаты, мәдени іс-шараларды, тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік тапсырыс пен өткізілетін іс-шараларды қаржыландыру;

5) бөлімді жүргізуге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға әдістемелік-ұйымдастыру, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қызметтерді іске асыру;

7) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар (актілер) жасайды: Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзу.

8) халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге бағытталған  мәдениет пен кітапханалық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамассыз ету, ақпараттық ресурстарды сақтау мен пайдалану;

9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

3.1. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімінен тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады.

3.2. Бөлім басшысы бөлімге жүктелген міндеттері мен оның функцияларының орындалуына дербес жауапты болып, бөлімнің жұмысын ұйымдастырады  және басқарады.

3.3. Осы мақсатта басшы:

1) бөлім мамандарының өкілеттігі мен міндеттерін белгілейді;

2) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) бұйрықтар шығарады;

5) бөлімнің ережесі мен оның құрылымын аудандық әкімдікке бекітуге ұсынады;

6) барлық мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға бөлімді таныстырады;

7) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады. Бөлімнің басшысының орынбасары бөлім басшысының еңбек демалысы уақытында немесе болмаған кезде ауыстырады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

4.1. Бөлімнің заңнамамен қарастырылған жағдайларда оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы  болуы мүмкін.

4.2. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген, сонымен бірге өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қосқанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

4.3. Бөлімге бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

4.4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бөлімге бекітілген мүлікті қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

5.1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Мемлекеттік органның құзырына қарайтын мекемелердің тізімі

 

         6.1. «Ақсуат ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

  • «Ақсуат мәдениет үйі» КМҚК;
  • «Ақсуат ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ;

3) «Ақсуат ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ

 

Дата публикации
31 октября 2022