Ақсуат ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Ақсуат ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.
Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Ақсуат ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы жұмыс тобымен 11 адам болып анықталды. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Ақсуат ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына үміткерлерге келесі талаптар қойылады:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
2.Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі) және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Қоғамдық кеңестер құрамына сайлану үшін жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтін үміткерлер конкурсқа қатыстырылмайды.
Жұмыс тобы ұсыныстарды жазбаша түрде 2022 жылдың 21 қыркүйектен 2022 жылдың 4 қазан аралығында, күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзілісі бар уақытта Кәбеков көшесі 17 (аудандық мәслихат ғимараты), 4 каб. мекенжайы бойынша немесе maslihataksuat108@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылдайды.
Өтініш үлгісі, өмірбаяны туралы ақпарат
Ақсуат ауданының
Қоғамдық кеңестің құрамын
қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобына
Өтініш
Мен, ____________________________________________________
(өтініш иесінің АТЖ, жеке куәлік «___________», кім жіне қай уақытта)____________________________________________________________________
Ақсуат аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынымды, соттылығым жоқ екенін, заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмағанын, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмағанымды растаймын.
Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Өмірбаяным туралы ақпаратты қоса беремін.
«__»____________2022 жыл
_____________ Өтініш иесінің қолы
Өмірбаяны туралы ақпарат
|
№ |
Аты, жөні |
|
|
1. |
Туған күні, жері |
|
|
2. |
Білімі |
|
|
3. |
Жұмыс орыны |
|
|
4. |
Лауазымы |
|
|
5. |
Қоғамдық қызметі |
|
|
6. |
Тұрғылықты жері |
|
|
7. |
Жеке куәлік деректері |
|
|
8. |
Телефоны: |
|
«___»________________2022 жыл
(толтыру күні)
(Қолы) _____________________