ХАБАРЛАМА
2026 жылдың 27 қыркүйек күні Ақсуат ауданы, Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақсуат ауданы, Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Кіндікті ауылдық сайлау округі
Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 411 азамат енгізілді, олардың 316-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–0, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Асанов Бауыржан Кулжабекович – 22; Бекмуратова Тоты Бахытбековна – 19; Иманбеков Мэлс Бахтыкалиевич – 270.
Кіндікті ауылдық округінің әкімі болып 1970 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Ақсуат ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, Иманбеков Мэлс Бахтыкалиевич сайланды.
Ақсуат ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы