Абай облысы Ақсуат ауданы Кіндікті ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

Абай облысы Ақсуат ауданы  Кіндікті ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 19 тамыздағы № 01-03/22 қаулысымен 2026 жылғы 27 қыркүйекке  Абай облысы, Ақсуат ауданы, Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

2026 жылдың 20 тамыздан бастап ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ  егер ұсыну мерзімі аяқталған күнге екеуден аз кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2026 жылдың 1 қыркүйектегі  жағдай бойынша  3 кандидат өзін-өзі ұсынды.

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 1 қыркүйек сағат 18:00-де аяқталды.

Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
02 сентября 2026