Ақсуат ауданының Кіндікті ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

Ақсуат ауданының Кіндікті

ауылдық округі әкімін сайлау

жөніндегі сайлау округін құру

туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 14-бабының 6)- тармақшасына, 21- бабының 4-тармағына сәйкес, Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Ақсуат ауданының Кіндікті ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын:

1) Кіндікті ауылдық округі әкімінің – Кіндікті ауылдық округінің шекарасындағы Кіндікті сайлау округі.

  1. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары және Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Тарбағатай» газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                                               Ғ.Закариянов

 

Сайлау комиссиясының хатшысы                                                   Н.Ахметова

 

 

 

 

Ақсуат ауылы

2026 жылғы 19 тамыз

№ 01-03/21

Дата публикации
19 августа 2026