ХАБАРЛАМА
2026 жылдың 19 шілде күні Ақсуат ауданы, Ырғызбай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақсуат ауданы, Ырғызбай ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Ырғызбай ауылдық сайлау округі
Ырғызбай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 597 азамат енгізілді, олардың 389-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, "барлығына қарсы"- 3 .
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Боранжанов Болат Конирбекович – 330; Каргабаева Гаухар Болатовна – 28; Нұржақиев Берік Серікұлы – 26.
Ырғызбай ауылдық округінің әкімі болып 1966 жылы туған, Ырғызбай ауылдық округінің әкімі, Жәнтікей ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, Болат Конирбекович Боранжанов сайланды.
Ақсуат ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы