Үстел теннисінен турнир өткізілді

Үстел теннисінен турнир өткізілді

                 2026 жылдың 10 шілдесі күні  Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған жас сайлаушылар клубының ұйымдастыруымен Ақсуат ауылында үстел теннисінен турнир өткізілді. Турнирге 20 ға жуық әуесқой спортшылар қатысты. Турнир барысында комиссия төрағасы Ғ. Закариянов жас сайлаушыларға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны туралы,  оны ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері туралы қысқаша мәлімет беріп өтті. Турнир соңында қатысушылар алдында клубтың жаңадан сайланған жетекшісі Мәди Миллатұлы Кітатовқа Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының куәлігі табыс етіліп, жеңімпаз спортшылар  комиссияның алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды

 

 

 

Дата публикации
10 июля 2026