2026 жылдың 17 мамыр күні Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Ойшілік ауылдық сайлау округі
Ойшілік ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1120 азамат енгізілді, олардың 847-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–0, "барлығына қарсы"-0 деген жолда белгі қойылған-0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бейлгожин Алибек Сериккалиевич – 706; Бектасов Кайратбек Тлеубаевич – 73; Ортбаева Нуржауган Габдылманаповна – 68.
Ойшілік ауылдық округінің әкімі болып 1990 жылы туған, «Бастау» шаруа қожалығының төрағасы, Ойшілік ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, Алибек Сериккалиевич Бейлгожин сайланды.
Ақсуат ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы