Абай облысы Ақсуат ауданы Ойшілік ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

Абай облысы Ақсуат ауданы  Ойшілік ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 01-03/10 қаулысымен 2026 жылғы 17 мамырға  Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

2026 жылдың 9 сәуірінен бастап ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ  егер ұсыну мерзімі аяқталған күнге екеуден аз кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2026 жылдың 21 сәуірдегі  жағдай бойынша  3 кандидат өзін-өзі ұсынды.

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 21 сәуір сағат 18:00-де аяқталды.

Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
22 апреля 2026