Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ақсуат ауданында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласында атқарылған жұмыстар

             Ақсуат ауданында білім сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды кеңейту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Аудандық білім беру жүйесіндегі жұмыстардың негізгі мақсаты – әрбір балаға сапалы білім мен саналы тәрбие алуға тең мүмкіндік беру, педагог мәртебесін нығайту және заманауи технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне тиімді енгізу.

         Мектепке дейінгі білім беру жүйесі дамытылуда

         Бүгінде аудандағы 5 мемлекеттік балабақшаның 19 тобында 435 бала, 4 жекеменшік балабақшаның 13 тобында 295 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар, мектеп жанындағы 13 шағын орталықтың 24 тобына 400 бала қамтылған. Жалпы ауданда 0–6 жас аралығындағы 2380 бала болса, оның 1130-ы, яғни 47,4 пайызы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қамтылған. 3–6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Ауданда 0–2 жас аралығындағы 845 бүлдіршін бар. Оның ішінде 268 бала балабақшаға жолдама алды. Алдағы кезеңдегі маңызды міндеттердің бірі – ерте жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейін одан әрі арттыру. Есепті кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың әкімшілігі мен педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету, жаңа талаптарды енгізу, балалармен және ата-аналармен жұмысты жетілдіру мақсатында семинарлар, шеберлік сабақтары мен біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Педагогтердің озық тәжірибесін анықтау және тарату бағытындағы жұмыстар жалғасын тапты.

           Бірінші сыныпқа қабылдау цифрлық форматта жүргізілуде

           Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау OQU цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылуда. Цифрландырудың нәтижесінде мектепке қабылдау үдерісі ашық, қолжетімді және ата-аналар үшін барынша ыңғайлы бола түсті. Өткен оқу жылында аудан мектептерінің бірінші сыныбына 360 бала қабылданған болатын. Жаңа оқу жылында да қабылданатын балалар саны осы деңгейде болады деп жоспарлануда.

           Бастауыш білім беру сатысында балалардың мектепке бейімделуіне, оқу жүктемесін оңтайландыруға және базалық сауаттылығын сапалы қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Білім сапасы 5 пайызға артты

           Қазіргі уақытта Ақсуат ауданындағы 19 мектепте 3869 оқушы білім алуда. 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан мектептеріндегі білім сапасының орташа көрсеткіші 68,4 пайызды құрап, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға өсті. Биыл 33 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 23 түлек үздік аттестатқа қол жеткізді. Мектеп бітірген 283 түлектің арасынан К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің түлегі Айдынқызы Ұлпан мен Сасан би атындағы орта мектептің түлегі Оралбекқызы Асылжан Ұлттық бірыңғай тестілеуден 135 балл жинады. Аудан бойынша ҰБТ-дан 100-ден жоғары балл алған түлектер саны 52-ге жетті. Бұл – педагогтердің жүйелі еңбегі, оқушылардың табанды ізденісі және ата-аналардың қолдауының нәтижесі. Сонымен қатар, білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау, «Алтын белгіге» үміткерлермен дайындық жұмыстарын күшейту және білім сапасын одан әрі арттыру алдағы кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.

           Олимпиадалық жетістіктер

          2025–2026 оқу жылында аудан оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетті. Барлығы 7 оқушы жүлделі орындарға ие болып, алтын және күміс медальдарды иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің нәтижесінде Сасан би атындағы орта мектебі еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектебінің қатарына енді. Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, оларды республикалық және халықаралық деңгейдегі білім додаларына сапалы дайындау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

          Тәрбие жұмысына басымдық берілді

          Ауданның білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында алты тәрбие жобасы жүзеге асырылуда. Олардың қатарында «Толық адам» ілімі негізінде ата-аналар институтын қалыптастыру», «Бірлік және ынтымақ», «Өнеге. Тәлім. Тәрбие», «10 кітап – бір мақсат», «Қыздар тәрбиесі: дәстүр және заманауи үдерістер» жобалары бар. Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында қоғамдық, құқықтық және мемлекеттік ұйымдардың өзара іс-қимылына негізделген «Ұрпақ жүрегіне жол» жобасы жүйелі түрде жүргізілуде. Жоба аясында ауданда 10 алаң ұйымдастырылып, 500-ге жуық білім саласының қызметкері арнайы дәрістерге қатысты. Тәрбие жұмыстары барысында оқушылардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, заңға, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілге құрметін арттыруға, еңбекқорлық, адалдық және отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеуге ерекше назар аударылды.

          Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау

           Инклюзивті білім беруді дамыту – аудандық білім бөлімінің басты назарындағы бағыттардың бірі. Қазіргі уақытта ауданда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 53 бала тіркелген. Негізгі мақсат – инклюзияны арнайы кабинетпен ғана шектемей, әр баланың мектеп өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасау. Осыған байланысты білім беру ұйымдарында оқу бағдарламаларын бейімдеу, арнайы жағдайлар жасау және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде. 2025–2026 оқу жылында психологиялық-педагогикалық қолдаудың бірыңғай жүйесі күшейтіліп, буллингтің, зорлық-зомбылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Алдағы уақытта білім беру ұйымдарын психолог мамандармен қамтамасыз ету, тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау, ведомствоаралық байланысты жетілдіру және сапалы психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру көзделіп отыр.

            Материалдық-техникалық база нығайтылуда

            2026 жылы ауданның 7 мектебінде 9 жоба бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 62 млн 650 мың теңге қарастырылды. Есепті кезеңде 5 жоба бойынша жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Білім беру ұйымдарында оқушылар мен педагогтерге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау, мектеп ғимараттарын жаңарту және оқу кабинеттерінің материалдық базасын нығайту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда.

            Педагогтердің кәсіби әлеуеті артып келеді

            Бүгінде ауданның білім беру ұйымдарында 758 педагог еңбек етеді. Педагогтердің сапалық құрамы 69 пайызға жетті. Сонымен қатар, 703 педагог жасанды интеллект бағытындағы біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Аудан педагогтерінің тәжірибесі халықаралық деңгейде де танылуда. Қожагелді батыр атындағы орта мектебінің мұғалімдері Оспанова Нұргүл Төлегенқызы, Сұлтанбекова Амангүл Керейханқызы және Алдажарова Әйгерім Маратқызы 2025 жылдың қараша айында Жапонияның Хиросима қаласында өткен Дүниежүзілік Lesson Study қауымдастығының WALS халықаралық конференциясына қатысты. Педагогтердің іс-тәжірибені зерттеу жобалары көпсатылы іріктеуден өтіп, сарапшылардың оң бағасын алды және конференцияның негізгі бағдарламасына енгізілді. Бұл – аудан педагогтерінің кәсіби ізденісі мен тәжірибесінің халықаралық деңгейде мойындалуының айқын көрінісі.

            Абай облысының білім басқармасы ұйымдастырған қорытынды іс-шараларда Ақсуат аудандық білім бөлімі «Үздік әдістемелік кабинет», «Үздік сайт» және «Үздік әдіскер» номинациялары бойынша марапаттарға ие болды.     Бұл жетістіктер-білім саласы мамандарының бірлескен еңбегіне, жауапкершілігі мен шығармашылық ізденісіне берілген жоғары баға.

            Ақсуат аудандық білім бөлімінің басты мақсаты-әрбір балаға сапалы білім мен тең мүмкіндік беру, педагогтердің кәсіби мәртебесін нығайту және білім беру жүйесінің тұрақты дамуын нақты нәтижелермен қамтамасыз ету.

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Ақсуат ауданында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру саласында атқарылған жұмыстар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы