Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ақсуат ауданы бойынша спорт саласын дамытуға байланысты 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

1.Спорттық ғимараттар

Ақсуат ауданында 56 спорттық ғимарат, оның ішінде спорттық кешен 2 және 1 жүзу бассейні, 10 ашық хоккей корты, 1 ипподром бар, 42 жазықтық құрылымның оның (22 - сі мини-футболға арналған жасанды  футбол алаңдары,19 спорттық алаңдар, 1 спорттық ядро.) Жалпы білім беретін мектептерде 16 спорт зал, БЖСМ–де 4 спорт зал. Ақсуат колледжінде 1 спорт зал. Мектептен тыс спорт зал-1. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар мен спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған объектілер мен құрылыстар қанағаттанарлық жағдайда. Ауданның барлық спорт залдары күн сайын және демалыс күндері аудан тұрғындарына жаттығу кестесі жасалып, бекітілді.

 

2.Штаттық қызметкерлер

Ақсуат ауданының дене шынықтыру және спорт саласында 133 қызметкерлер еңбек етуде. Жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру мұғалімдер саны 65, БЖСМ-де   41 штаттық жаттықтырушылар, «Ақсуат ауданының бұқаралық және ұлттық спорт ойындарының орталығы» КММ де 15 оқытушы-жаттықтырушы, 6 әдіскер, ФК және спорт бөлімінде 2 бас маман, Ақсуат колледжінде 2  дене шынықтыру мұғалімі және БЖСМ-де 3 спорт нұсқаушысы бар. 119 адамның жоғары дене шынықтыру білімі және 14 адамның арнайы орта білімі бар. Қазіргі уақытта барлық ауылдық округтерде 9 нұсқаушы-әдіскер қажет. Әкімдік мамандары барлық спорттық жұмыстарды қоғамдық негізде орындайды және әрдайым құзыретті бола бермейді. Мұның бәрі спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізудің уақтылығы мен сапасына әсер етеді.

 

3.Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмыс

Дене шынықтыру саласында аудан бойынша 77 ұйым, оның ішінде 14 орта мектеп және 5 бастауыш сынып мектептері, 1-БЖСМ, 1-мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету орталығы, 1 - «Ақсуат ауданының бұқаралық және ұлттық спорт ойындарының орталығы» КММ 55 шаруа қожалықтар және ЖШС, дене шынықтыру және спорт саласына бейімделген ұйымдар. Ауданда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, оның қызметі мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі мен спорттық дайындығына бағытталған, онда 8 секция бойынша 840 оқушы айналысады. «Ақсуат ауданының бұқаралық және ұлттық спорт ойындарының орталығы» КММ-де 15 жаттықтырушы 9 секцияда 432 адам дайындауда. Ауданның мектептерінде 17 спорт түрі бойынша 116 спорт секциясы жұмыс істейді, онда 6 жастан 18 жасқа дейінгі 3362 оқушы айналысады пайызға шаққанда 86%. Аудан бойынша 19 мектепте барлық оқушы саны 3888 бала. 2025 жылғы қарашадағы жағдай бойынша Ақсуат ауданында жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен 7764 адам немесе халықтың жалпы санының 42,4% айналысады, бұл 18306 адамды құрайды.

 

4.Спорт түрлерін дамыту

Ақсуат ауданында Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері бойынша шүғылданатын адамдар  саны баскетбол-120 адам, бокс-241 адам, дзюдо-442 адам, жеңіл атлетика-1098 адам, жүзу-120 адам, волейбол-578 адам, футбол - 528 адам, шаңғы жарысы-78 адам, Олимпиадалық бағдарламасына кірмеген спорт түрлері армрестлинг-100, гир көтеру-156, дойбы-1195, шахмат-1116, ұлттық спорт түрлері арасында танымал - тоғыз құмалақ-312 адам, қазақ күресі-576, аударыспақ-12, жекпе-жек-48, көкпар-72, асық ату - 491 адам спортпен айналысады. Сондай-ақ аудан халқы басқа да спорт түрлерімен шұғылдануда.

 

Аудан бойынша жыл басынан бері жалпы 31 спорттық іс шаралар ұйымдастырылып 3464 адам қамтылды.  

2025-2026 оқу жылдарында ақпан-мамыр айлары аралығында спорттың 14 түрінен 2-ші рет Ақсуат ауданының мектеп мұғалімдері арасындағы спартакиада ойындарыны ұйымдастырылды. Оған ауданымыздың 14 мектептен 500 – ге жуық мұғалім қатысты. І, ІІ, ІІІ орын алған мектептер қаржылай және қалған қатысушы мектептер естелік сыйлықтармен, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды

Ақсуат ауданы мектептерінің мұғалімдері арасында өтетін спартакиада ойындарының мақсаты: Аудан аумағындағы мектептер арасындағы келісімді және достықты нығайту, мектеп мұғалімдері арасында спорттық тәжірибе алмасу және мұғалімдердің спорт саласы бойынша рейтингін жасақтау болып табылады.

 2026 жылдың 23 қаңтарында дзюдо күресінен 2015-2016 жылы туылған ұлдар және 2014-2015 жылы туылған қыздар арасында аудандық чемпионат, 30-31 қаңтар аралығында Қалкеш Ғаббасаұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында Ақсуат ауданының біріншілігі өтті. 31 қаңтарында волейболдан әуесқой қыздар командалары арасында «AQSUAT CUP-2026» ашық турнирі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Сондай-ақ 7 ақпанында "Шаңғы жолы шақырады - 2026" аудандық чемпионаты өткізілсе, 13 ақпанында волейболдан Ауған соғысының ардагерлерін еске алуға арналған ұлдар арасында аудандық қысқы біріншілігі болып, 14 ақпан шаңғы спорт түрінен мектеп мұғалімдері арасында спартакиада ойындары өтті. Ал, 17 ақпанында дзюдодан Досанов Тұрсынғалиды еске алуға арналған жасөспірімдер арасында аудандық біріншілік және 2026 жылы алғаш рет спорттың 7 түрінен аудан мекеме қызметкерлері арасында аудан чемпионаты ұйымдастырылып өткізілді. 2026 жылдың 25 наурызында Наурыз мерекесіне орай Үстел теннисінен аудан біріншілігі өтті. Одан бөлек ауданда бірқатар спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылып өткізілді.

Сонымен қатар аудан көлемінен тыс спорттық жарыстар мен жетістіктер жайлы айтар болсақ, 2026 жылдың 28 – 31 наурыз айында гір спортынан жастар және жасөспірімдер арасында Қостанай қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында  Ақсуат ауданының Бұқаралық және ұлттық спорт ойындары орталығының оқушылары жүлделі І,ІІ, және ІІІ орынды иеленіп, ауданның, облыстың мерейін үстем етті. 26–30 наурыз күндері Ақсуат ауданында «ASSYLTAS» қоғамдық қоры мен «Абай облысының білім басқармасы» «Дарын» орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Ауылым – асыл бесігім» атты ауқымды мәдени, мпорт күндері өтті. Бұл шара ұлттық өнерді, салт-дәстүрді, спорт пен білімді дәріптейтін ерекше мереке болды. Одан бөлек спортшыларымыз Аягөз қаласында өткен футболдан жасөспірімдер арасында Абай облысының чемпионатында ІІ-орынды иеленіп,  Абай облысының орталығы Семей қаласында өткен бокстан, Семей қаласы бойынша 2 облыстық мамандандырлған балалар, жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің ашық біріншілігінде І, ІІ, ІІІ орынды қанжығаларына байлады. Абай облысының орталығы Семей қаласында, Жақсылық Үшкепіров атындағы спорт мектебі базасында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Мәлік Ғизатұлы Үсеновты еске алуға арнаған облыстық чемпионатта спортшыларымыз І, ІІІ орынды иеленді. Бұдан бөлек бірқатар жарыстарда аудан спортшылары намысты қолдан жібермей, топ жарып өз өнерлерін көрсете білді.

4-6 мамыр күндері аралығында спорттың 9 түрінен Ақсуат ауданы әкімінің жүлдесі үшін Халықтық спорт ойындары өткізілді.

Ағымдағы жылдың 17-22 мамыр күндері аралығында спорттың 10 түрінен Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған халықтық спорт ойындары өтті. Облыс әкімінің жүлдесі үшін халықтық спорт ойындарына ауданнан 108 адам оның ішінде: 85 қатысушы спортшылар, 23 жаттықтыруышы-өкілдер барып жүлделі ІІ орынды иелендік.

Сонымен қатар спорттық шаралар легі мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да аудан көлемінде қолға алынып отырған спорттық жарыстар қаншама.

 

Бөлім басшысы                                                                        М. Дәуренбекұлы

Документы
Басқа
14 июля 2025
Мектеп ұстаздары арасында спартакиада 2025
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы