
Жанарбеков Рауан Тілеубекұлы 1979 жылы 25 мамырда Ақсуат ауылында туған. 2004 жылы Орталық Азия университетін «қаржы-несие» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005-2007 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрлігінің Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының ШҚО филиалының аға маманы болып бастаған.
2007-2008 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, 2008-2009 жылы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2009 жылы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, 2009-2010 жылы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас-маман есепшісі, 2010-2012 жылы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2012-2017 жылы Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасының операциялық тобының бас-маман қазынашысы, 2017-2023 жылы ШҚО «Қазпошта» АҚ Тарбағатай аудандық филиалының аудандық бөлімшесінің басшысы, 2023-2024 жылы Абай облыстық «Қазпошта» АҚ Ақсуат аудандық филиалының аудандық бөлімшесінің басшысы, 2024-2025 жылы «Қазпошта» АҚ Абай облысы бойынша филиалы, бөлімше директорының өндірістік жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.