
Аханов Ержан Аханұлы 1992 жылы 23 қыркүйекте дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2014 жылы Семейдің Қазақ гуманитарлық инновациялық заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Мәдениет саласындағы еңбек өтілі – 10 жыл
Алғаш еңбек жолын 2011-2012 жж Семейдегі «Сервис колледжі» КМҚК-да Жастар комитетінің төрағасы болып бастаған.
2012-2013 жж Авиценна медициналық колледжінде педагог-ұйымдастырушы; 2013-2014 жж Тарбағатай ауданы, Жастар орталығының нұсқаушысы, директордың міндетін атқарушы;
2014-2017 жж Ақсуат мәдениет үйінде жастармен жұмыс жөніндегі әдіскер;
2017-2023 жж қаңтар айына дейін «Ақсуат мәдениет үйі» КМҚК-ны директорының орынбасары;
2023 жылдың қаңтар айынан «Ақсуат мәдениет үйі» КМҚК-ны директорының міндетін атқарушы, мамыр айының 15-нен бастап «Ақсуат мәдениет үйі» КМҚК-ның директоры.