Қызыл Кесік ауылдық округі бойынша 105 шаруа қожалығы тіркелген. Ауыл шаруашылықтарының барлық санаттарында 2024 жылдың 1 қаңтарына ірі қара -10 391 бас, қой мен ешкі – 30 009 бас, жылқы – 2735 басты құрайды.
Ауылдық округ бойынша инфрақұрылымдық жағдайын жақсарту мақсатында 2024 жылы мемлекет тарапынан Қызыл Кесік ауылының жоғарғы жағынан балалар ойын алаңына 7 000 000 тг қаржы бөлініп, 4 200 000 тг ұтып, ойын алаңын жасап берді, осы алаңнан үнемделген 2 800 000 теңгеге 16 жасқа дейінгі балалар ойнайтын футбол алаңына конкурс ойнатылып 2 млн 150 мың теңгеге 28 х10 м болатын футбол алаңы салынды.
Ауылымыздың шығыс жағынан 10 отбасына «несиелік» бағдарламасы бойынша жаңадан тұрғын үйлер салынып, кезекте тұрған үйге мұқтаж көп балалы аналармен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына таратылып берілді.
Үштөбе елді мекенінен мемлекет қаржысынан осы ауылдың орталық саябағынан 20*20 болатын балалар ойын алаңы салынды.
Үштөбе елді мекенінің батыс жағынан дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталды.
Қызыл Кесік ауылының шығыс жағынан мал қамайтын орын (раскол) салынды.
Сондай-ақ ауыл әкімшілігіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.