Құмкөл ауылдық округінің 2024 жылғы 9 айлық кәсіпкерлік саласы бойынша көрсеткіші

  Құмкөл ауылдық округінің 2024 жылғы 9 айлық кәсіпкерлік саласы бойынша көрсеткіші

Пайдаланбай отырған жерлерді қайтару бойынша әр түрлі нысаналық мақсаттағы ауыл шаруашылық жалпы алаңы 6446 гектер жерге тексеріс ашу үшін ұсыныс жолданып, қазіргі уақытта арнайы инспектор мамандар тексеріс ашып жұмыстар атқарылуда.

Дала шаруашылғы бойынша биылғы жылғы көктемгі егістік құрылымдарының қорытындысына сәйкес 478 гектар егіс алқабына; бидай, арпа, жоңышқа, картоп, көкеніс және бау-бақша өнімдеріне жиын терін жұмыстары толықтай жүргізілді. Қыстамаға қатаң мал азығының көлемі 16500 тонна жем шөп жиналды.

Жыл басынан бері округтегі шаруашылықтар техника паркін жаңалауда өзіндік үлестерін қосып отыр. Атап айтсақ 1 погрузчик, 4 МТЗ 92 комплект, 2 руллон прес, 2 тарақ жабдықтары алынды. Алынған техникалардың жалпы құны 74,4  млн теңгені құрайды. Округтегі шаруашылықтар алдағы уақыттада   трактор, қосалқы жабдықтар алуға ниет білдіргендер бар. 9 ай көлемінде тартылған инвестиция 532,5 млн тг құрайды.

Дата публикации
24 октября 2024