
Мал шаруашылығы бойынша
Мал басы. 01.01.2024 жылға. Ірі қара-14405 бас.. Қой – ешкі 14525 басқ Жылқы 3583 бас Ет- 25450, цент. Көлемінде орындалды. Округде «Науан» ангус, авердин «Тимур» «Бірлік» «Қайсар» «Жадыра», «Алинұр», «Әділет», «Ерке-Ару», т.б бірқатар шаруа қожалықтар асыл тұқымды мал шаруашылығы статусын алып жұмыс істеп жатыр. Құмкөл ауылдық округі бойынша мал тұқымын асылдандыру жұмыстары бойынша іс-шара жоспары жасалған. Бүгінгі күнге статистикалық есепте тұрған 7544 бас аналық ірі қара малының 4283 басы яғни 56 пайызы асылдандыру бағыты бойынша есепте тұр. Қазіргі уақытта 67 шаруа қожалық құрылымдары мал тұқымын асылдандырумен айналысып отыр, бұрынғы сатып алған асыл тұқымды бұқаларды келісім шарты біткен бұқаларды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп отырады.
Дала шаруашылығы бойынша.
Оның ішінде 18 шаруа қожалық құрылымдарымен жеке тұлғалар суармалы егістік, дала шаруашылығымен айналысып отыр. «Тебіске», «Дәулетбай» су тоғамдарының бойында 3000 гектар суармалы егістік жер бар. 2023 жылы көктемгі егін егу жұмыстарында 638 гектар жер игеріліпі, оның ішінде 150 га бидай, 100 га арпа, 85 га картоп, 70 га көп жылдық шөп, 83 га көкөніс,150 га бақшалық дақылдары егіліп, күзгі жиын терін жұмыстары толық жүргізілді. Қысқы қатаң мал азығы толықтай дайындалып, 4500 тонна жоңышқа, 11500 тонна табиғи шөп жалпы жиыны 16000 тонна мал азығы жиналды.
Суармалы жерлерді дұрыс пайдалану жөнінде әрбір шаруа қожалықтарымен агротехникалық шаралардың сақталуы жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілуде. Ұзақ уықыт пайдаланылмаған ауыл шаруашылық жерлеріне түгендеу жүргізіп. Округ бойынша құрылған шаруа қожалықтарының нақтылы жұмыс істеуі мен пайдаланбаған жерлерін мемлекетке қайтару жөнінде жұмыстар жүргізілуде
Кәсіпкерлік саласы бойынша.
Құмкөл ауылдық округінің экономикасының тұрақтылығын, тұрғындардың әлеуметтік тұрмыс деңгейін көтеру, шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту.
Қазір округ бойынша 137 шаруа қожалығы, 42 жеке кәсіпкер (ИП), 12 сауда орыны, 2 тойхана, 1 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді. Сол сияқты 3 жем тартатын дробилка, 1 ағаш өңдейтін цех, 1 токорный цех, 1 көлік жөндеу және шиномонтаж жұмыс істеп тұр.
Инфляция үрдістерін тежеп, дағдарыстың алдын алу және жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсетіп,бағаны тұрақтандыру мақсатында, осы уақытқа дейін Семей қаласында 8 рет, Ақсуат ауылында 15 рет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілернің жәрменкесіне қатысып, ет және ет өнімдері, сүт өнімдерін көкеніс, картоп өнімдерін арзан бағамен саудаланды. Қазіргі кезде жеке адамдардың есебінен 2023 жылдың 12 айында:
4 тұрғын үй 343 м 2 86 млн тенге; 1 мал қорасы 234 млн тенге; Өзгеде шығындар 237 млн тенге жиыны 557 млн.теңге ауылға инвестиция тартылды.