Ауылдық округтің орталығы – Ойшілік ауылы. Ауылдық округте 6 ауылдық елді мекен бар. Олар Ойшілік, Айнабастау, Акжал, Есім, Тана мырза, Томар. Халық саны 1959 адам. Олардың ішінде жұмыспен айналысатыны 930 адам. Ауылдық округ облыс орталығынан 480 км, аудан орталығынан 30 км, теміржол торабынан 250 км, қашықтықта орналасқан. Байланыс торабы 1. Телефон нүктесі 273
Ауыл шаруашылығы. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі мал бағу болып табылады. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің көлемі 110 000 га. Оның ішінде, егіндік жер 1200га, шабындық жер 4 300 га, жайылымдық жер 104 100 га. Қазіргі шаруа қожалықтардың саны 116. Мал басы: ірі қара мал – 15 090 бас, қой-ешкі саны 25 838 бас, жылқы саны 3922 бас.
Денсаулық сақтау саласы туралы мәліметтер. Округте 1 дәрігерлік емхана, 4 фельдшерлік пункт тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетеді.
Әлеуметтік сала.
Зейнеткерлер саны – 270 адам.
Жанұялар саны – 460
Жұмыссыз жанұялардың саны – 23
Тұрмысы төмен адамдар саны – 55 адам
Кәсіпкерлік.
Кіші кәсіпкерлік субъектілері: дүкен – 13, наубайхана 1, техникалар саны: комбайн жоқ, трактор - 53, жеңіл машина - 150.
| Мекен-жайы: | Абай облысы Ақсуат ауданы Ойшілік ауылдық округі Қабанбай батыр №39 |
| Телефон: | 8-723-4623116 |
| Почта: | oiwilikakimat_7@mail.ru |