Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді.
073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.
Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын. eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электрондық үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу одан да оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті.
Қызметті пайдалану үшін:
Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Жаңартылған функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.
Енді eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылық пен қорғаншылық белгілеу қызметі қолжетімді. Жаңа қызмет өтініш беру процесін айтарлықтай жеңілдетіп, қағаз түріндегі құжат айналымын жояды және жалған мәліметтерді ұсыну қаупін азайтады. Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі.
Кәмелетке толған азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы сот шешімімен жүзеге асырылады. Осы шешім негізінде болашақ қорғаншы немесе қамқоршы eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қамқоршылық белгілеу туралы өтініш бере алады.
Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін:
Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін:
Өтініш бергеннен кейін, пайдаланушының Жеке кабинетіне тиісті бұйрық немесе дәлелді бас тарту жөнелтіледі. Қызмет көрсету мерзімі – 19 жұмыс күні.
Сонымен қатар, өтінішті қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында қажетті құжаттарды тапсыру арқылы да беруге болады.
Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен жұмысы аясында іске асырылды.
eGov.kz порталында қорғаншылар мен қамқоршыларға қамқорлығындағы адамдардың мүлкіне және әлеуметтік төлемдеріне билік етуге рұқсат алуға мүмкіндік беретін жаңа көрсетілетін қызмет іске қосылды. Көрсетілетін қызмет сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін ұсынылады және қорғаншылардың мүлкіне билік етуге ресми рұқсат алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция арқылы электрондық өтініш беру процесі жеңілдетілді. Қажетті мәліметтер цифрландырылған болса, олар өтініш толтырылған кезде автоматты түрде жүктеледі, қателіктер қатерін азайтып, деректерді қайта енгізу қажеттілігін жояды.
Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:
- eGov.kz порталында тіркеліп, «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамсыздандыру» - «Отбасыларға көмек» бөліміне өтіңіз;
- «Мүлікке билік етуге рұқсат беру, зейнетақыны, жәрдемақыны, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның есебінен алынған әлеуметтік төлемдерді алу және сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» қызметін таңдап, «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз;
- қажетті өрістерді толтырыңыз;
- Тапсырма түрлерінің бірін таңдап, қажетті алаңдарды толтырыңыз;
- өтінішке қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қойыңыз.
Өтінімді қарау нәтижесінде өтініш берушінің жеке кабинетінде электрондық түрде бұйрық немесе уәжді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.
Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.
eGov Mobile мобильді қосымшасында кәмелет жасына толған азаматтарға қамқоршылық жасайтын тұлғалар туралы мәліметтері бар цифрлық құжат қолжетімді болды. Бұл құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады, онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы азаматтар туралы мәліметтер сақталады.
Құжатта келесі деректер қамтылған: қамқоршының ЖСН мен ТАӘ, туған күні, сондай-ақ қамқорлығындағы азаматтың ЖСН мен ТАӘ, туған күні, қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, сонымен қатар «Жарамды күні» туралы ақпарат бар. Құжаттың түпнұсқалығын растау үшін QR-код қарастырылған: оны сканерлеген кезде бір тәулік бойы жарамды цифрлық нұсқасы ашылады.
Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.
Қамқоршы мәртебесін ресми түрде растау қажет болатын жағдайларда – мемлекеттік төлемдерді алу, банкке, медициналық мекемелерге және басқа ұйымдарға жүгіну кезінде – бұйрықтың электрондық нұсқасы қажет болуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:
Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.
Абай облысының тұрғындарына сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін 28,3 миллион теңге қайтарылды
Өткен жылы өңір тұрғындары тұтынушы құқықтарының бұзылуына бірнеше рет тап болған. Олар сапасыз тауарларды қайтаруға, бағаның шектен тыс жоғары болуына және тауарлар туралы ақпараттың жетіспеушілігіне шағымданған.Осыған байланысты 2024 жылдың 12 айында Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 1 035 шағым түсіпті.
Ең көп шағымдар сауда мәселелері бойынша:
-Көбіне, түскен шағымдар бөлшек сауда мәселелеріне қатысты болды. Нәтижесінде 574 жағдай тіркеліп, тұтынушыларға 18 миллион теңге қайтарылды. Сондай-ақ, тұрмыстық қызметтер бағытында да көп шағымдар келді. 2024 жылы 282 шағым түсіп, жалпы қайтарылған сома 6 миллион теңгені құрады. Ал, электронды сауда мәселелеріне қатысты 96 шағымға, 1,8 миллион теңге қайтарылды,– деді Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Серікхан Нұртазин.
Спикердің айтуынша, ең жиі кездесетін мәселелер сатушылардың сапасыз тауарларды қайтарудан бас тартуы және қызметтердің толық көлемде немесе белгіленген мерзімде көрсетілмеуі . Шағымданған қызметтер қатарына жиһаз жасау, жөндеу, терезелер мен есіктерді орнату сынды жұмыстар кіреді.
Департамент тек кеңес беріп қана қоймай, тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін кәсіпкерлердің заңнаманы дұрыс сақтауына да бақылау жүргізеді. 2024 жылы сауда объектілерінде 176 тексеру жүргізіліп, 147 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Салынған айыппұлдар сомасы 225,2 мың теңге.
Сонымен қатар, облыста әлеуметтік маңызды тауарлар бойынша баға қалыптасу процесін қадағалайтын өңірлік комиссия жұмыс істейді. 2024 жылы комиссия 104 отырыс өткізіп, негізгі тауарлардың бағасын қалыптастыру схемалары қаралған.
Тағы бір маңызды жоба – «Сапалы өнім» бағдарламасы. Ол отандық өндірушілерді қолдауға және ішкі нарықты қорғауға бағытталған. Осы жоба аясында азық-түлік өнімдерінің сынамалары алынып, лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде 33 бұзушылық анықталыпты. Оның ішінде таңбалаудың болмауы және жарамдылық мерзімінің өтуі туралы ақпараттың сәйкессіздігі кездескен.
Қорытындылай келе спикерлер тұрғындарды өз құқықтарын қорғауға шақырды.
- Егер сіздің құқықыңыз бұзылса, тауар сапасыз, қызмет дұрыс көрсетілмесе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы айтарлықтай жоғары болып, бағалар көрсетілмеген жағдайда біздің сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Семей қаласы, Абай көшесі, 99 мекен-жайына хабарласа аласыз, – деп қорытындылады Серікхан Нұртазин.
https://t.me/rsk_abay
Бүгін 30 қаңтар күні Ойшілік ауылы әкімі Маселов Тілек Еркінғазыұлының ауыл халықы алдында есеп жиыны болды. Жиынға ауыл тұрғындары, аудан әкімі Ерсін Кәдірбекұлы, аудандық мәслихат төрағасы Ж.Оразғалиев, Аманат партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Көнекбаев, бөлім, мекеме басшылары, құқық қорғау орган қызметкері қатысты. Ауылдық округ әкімі Т.Маселовтың 2024 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі баяндамасынан кейін,ауыл халқына 2025 жылы Ойшілік ауылында жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстарды аудан әкімі Ерсін Кәдірбекұлы жан-жақты талдап айтып шықты. Атап айтар болсақ, Ойшілік ауылына балалар ойын алаңын орнатуға 5 млн, Есім елді мекеніне ойын алаңын орнатуға 5 млн, санитарлық тазалық жұмыстарына 1 млн 250 мың, Ойшілік ауылына мал тоғыту алаңының құрылысына 3 млн 750 мың, ішкі жолдарды күтіп ұстауға 3 млн 924 мың, Ойшіліктен мал қорымын салуға 28 млн 147 мың, Ойшілік ауылындағы ұзындығы 1,9 шқ Байбарақ батыр көшесін асфальттауға 49 млн, Ойшілік ауылын дамытудың бас жоспарына 1 млн 635 мың, аудандық маңызы бар Ойшілік ауылына кіреберіс 2,4-9,6 шқ жолды асфальттауға 580 млн теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер мен сұрақтар тыңдалып, оған аудан әкімі мен тиісті сала басшылары тарапынан нақты жауаптары берілді.
✅Өңірдегі 21 колледж жұмысшы мамандықтар бойынша мамандар дайындайды
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай оқу орындарындағы жұмысшы мамандықтарды даярлау тақырыбында брифинг ұйымдастырылды. Өңірде 5444 студент білім алып жатқан 21 колледж жұмысшы мамандықтар бойынша мамандар дайындауда. Бұл туралы Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Құрманова атап өтті.
- 2024-2025 оқу жылында оқуға 5900 студент қабылданды, оның ішінде 2000 студенттің жұмысшы біліктілігі бар. Қазіргі уақытта облыстың 21 колледжі жұмысшы мамандықтар бойынша мамандар дайындауда. Оған электр және газбен дәнекерлеушілер, слесарлар, электриктер, сантехниктер және, құрылысшылар сияқты бірнеше мамандықтар кіреді, - деді Айжан Құрманова.
Биыл нысаналы мемлекеттік тапсырысы және кәсіпорындардың сұранысы бойынша оқуға 719 студент қабылданған. Сонымен қатар облыстағы 31 колледжде 70 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесі енгізіліп, қазір 3060 студент білім алуда.
- Облыстағы 20 колледж 4200 студентті қамтитын 22 кәсіпорынмен меморандумға отырды. Бұдан бөлек 2025 жылы колледждер жұмысшы біліктілігі бойынша жаңа мамандықтар ашуды жоспарлап отыр. Оның ішіне аспаптар мен автоматикаға техникалық қызмет көрсету, жөндеу жөніндегі слесарь, токарь, электрик, электрик, сатушы, мерчандайзер мамандықтары кіреді, - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.
2023-2024 оқу жылында пилоттық жоба режиміне 2 колледж кірген. Олар «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» мен «Бизнес және сервис колледжі». Бүгін бұл колледждерде «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша – 20 студент, «Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша – 40 студент, «Аспаздық» мамандығы бойынша – 30 студент, «Сән дизайны» – 15 студент, «Шаштараз-стилист» – 15 студент білім алуда.
https://t.me/rsk_abay
⚡️ Табиғи монополияларды реттеу комитеті тарифтік сметалардың орындалуына талдау жүргізген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті жылумен,сумен жабдықтау және суды бұру салаларында 2022-2023 жылдардағы тарифтік сметалардың орындалуына талдау жүргізген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әлі Әбутәліпов баяндады.
- Жыл басынан бастап Департамент 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін ТМС бөлінісінде коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету арқылы тұтынушыларға қаражатты қайтаруды көздейтін уақытша өтемдік тарифтерді енгізді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған кірістердің жалпы сомасы - 419 738,38 млн.теңгені құрады, - дейді Әлі Әбутәліпов.
2023-2024 жылдарға арналған «инвестицияларға айырбастау тарифі» жаңа тарифтік саясатына көшуді қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын әзірлеп, бекітілген. Тапсырманы орындау мақсатында 2024 жылы тарифтік саясатты реформалау шеңберінде жөндеу жұмыстарын ұлғайту және статистика деректері бойынша өңірдегі орта салалық деңгей бойынша қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін жаңа инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізілген.
- Абай облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тариф қаражаты есебінен жалпы сомасы 224 256,85 млн.теңгеге қосымша инвестициялар тартылды, оның ішінде: сумен жабдықтау және су бұру саласына - 214 317,95 млн. теңге; электр энергиясын беру саласына – 9 938,9 млн. теңге болды, - деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, 2024 жылы уәкілетті орган бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге ТММ өтінімдері негізінде 19 тарифтік смета бекітілген екен. Соның аясында өндірістік персоналдың жалақысын өңірдегі орташа деңгейге дейін арттыру туралы шешім қабылданыпты.
https://t.me/rsk_abay
🔹 Облыста ветеринария саласы бойынша 9 коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар жұмыс атқаруда
Өңірде 1 сәуірден бастап ветеринариялық-санитариялық сараптама модулінің серпінді жобасы іске қосылған. Бұл туралы Абай облысының ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев мәлімдеді.
- Бүгінгі таңда ветеринариялық-санитариялық сараптама модулі іске асырылуда. Модуль сою объектілерінде (ет өңдеу кәсіпорындары, сою пункттері мен сою алаңдары) және ішкі сауда объектілерінде жануардың өмірлік циклін көрсету үшін QR-кодты іске асыруды ескере отырып, ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру процесін автоматтандыру функционалын қамтиды. Бұл шара сою алдындағы ветеринариялық тексерусіз және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз өткізудің алдын-алуға бағытталған, -деп атап өтті басқарма басшысы.
Облыс аумағында тұрақты эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында 10 аудан мен 2 қалада 131 ветеринариялық пункттермен жасақталған 9 коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар жұмыс атқаруда. Әр мекеме бекітілген жоспарға сәйкес жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы профилактикалық егу мен диагностикалық зерттеу іс-шараларын жүргізеді.
- Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық алдын-алу және диагностикалық іс-шараларды 778 ветеринариялық мамандар жүргізеді. Ағымдағы жылдың басынан бері 88 831 - ветеринариялық анықтамалар, 285 846 ветеринариялық паспорт беріліп, ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) бойынша 1 594 мемлекеттік қызметі көрсетіліп, ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін - 2 дана лицензия берілді,- дейді Ержан Барышев.
Сонымен қатар, Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше жабайы иттер мен мысықтарды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру үшін 2024 жылға барлығы 96 091,0 мың теңге қарастырылған. Осыған сәйкес 11 айда - 65,346,0 мың теңге игеріліп, 10 891 ит пен мысық ауланыпты.
https://t.me/rsk_abay
Мемлекеттік қызметтің функционалын кеңейту қамқоршыларға балаларын және он сегіз жастан асқан әрекетке қабілетсіз адамдарды емханаларға тіркеуге мүмкіндік береді. Цифрлық мемлекеттік қызмет көрсетудің инклюзивті тәсілі әртүрлі санаттағы азаматтардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға оң әсер етеді.
Бұрын бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері балаларын емханаға тікелей жүгінгенде ғана тіркей алатын. Процедура өтініш берушінің жеке қатысуын ғана емес, сонымен бірге қамқоршылықты немесе қорғаншылықты растайтын сот шешімін немесе басқа құжатты ұсынуды талап ететін.
Жаңартылған мемлекеттік қызмет көмегімен қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілері және балаға немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қамқорлық жасап, білім беру, тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да адамдар өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды емханаға өтініш бере алады.
Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушыға:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Емханаға тіркелу» қызметін таңдау қажет;
- өтініш берушінің санатын: «Балаға (18 жасқа дейін, оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы)» немесе «Заңды өкілге (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғандарға)» таңдау керек;
- аймақ пен ауданды, емхананы, тіркеу себебін (көшу немесе еркін тіркеу), емдеуші дәрігерді таңдап, сонымен қатар көрсетілетін мекенжай мен байланыс телефон нөмірін толтыру қажет;
- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ/QRCode немесе sms-растау арқылы өтінімге қол қою керек.
Қызметтің нәтижесімен пайдаланушы өтінімді тікелей медициналық ұйымның қарауынан кейін Жеке кабинетінде таныса алады.
Қызметті тек тұрғылықты жері өзгерген жағдайда ғана емес, сонымен қатар жылына бір реттен жиі емес бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде медициналық ұйымды ауыстырғыңыз келсе де пайдалануға болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін өтетін тіркеу науқанының аясында медициналық ұйымды ауыстыруға болады. Тіркеу науқанының нәтижелері бойынша пациент келесі жылдың басынан бастап қызмет ала алады.