Ойшілік ауылдық округінің әкімі Т.Маселовтың ауылдық округ бойынша 2024 жылы атқарған жұмыстары жөнінде хабарламасы.

Ойшілік ауылдық округінің әкімі Т.Маселовтың ауылдық округ бойынша 2024 жылы атқарған жұмыстары жөнінде хабарламасы.

Ауыл  шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы

 Ойшілік ауылдық округінің  экономикасы негізінен ауыл                                                                                                                    шаруашылығына,   оның ішінде мал шаруашылығына негізделген.
        Ауыл халқының саны 2025 жылдың 1 қаңтарына 6 елді мекендер бойынша  1857 адам болды.      
        Ауылдық округтің ауыл шаруашылығы саласы қазіргі таңда тұрақты дамып, өндірілген өнім көлемі жыл сайын өсуде. Ауыл шаруашылығымен 116  шаруа қожалығы, округ   бойынша 6 СПК  құрылған. Олар  тұрақты  түрде  жұмыстарын  атқарып  келеді. 
Шаруашылықтың барлық санаттарында мал басының  өсу қарқыны жылдағымен  салыстырғанда жоғары. Атап айтар болсақ, ірі қара саны   9 350 бас,  21 332 бас қой, 1 808 бас ешкі, 4 298 бас  жылқыға жетті.

Егін  шаруашылығы  бойынша  2024 жылы  50 га жоңышқа, 50 га арпа, 50  га  бидай, 22 га  картоп, 18  га көкөніс  егілді. Сонымен қоса , 728 га  ескі  жоңышқа жиыны 920 га  жер  игерілді.

Мал шаруашылығын дамыту елдегі экономикалық өсімді, азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта ауылда 3 ірі мал бордақы алаңы жұмыс жасап тұр. «Ауыл аманаты» бойынша 2,5 пайызбен несие алған ауыл азаматы Д.Тоқшариновтың бордақы алаңында 75 бас ірі қара, «Тұлпар» шаруа қожалығының төрағасы Ә.Тоқтаровта 150 бас қой малы, 10 бас жылқы тұр, ауыл азаматы Ж.Әзімханов өз еңбегімен ең алғаш рет 3 бас бордақы малын бордақылап, мал  бордақылаудың  пайдасы  бар  екенін  көріп, қазіргі уақытта 35 бас ірі қара малын бордақылауда.

 «Ернұр»  шаруа қожалығының төрағасы Көбікбаев  Аманғазы  50 бас қой малын және  «Талғат» шаруа  қожалығының  төрағасы  Тогисов  Бауыржан  23 бас  ірі  қара малын  үйден бордақылап отыр.

 КазАгро бизнестен  берілетін  5 пайыздық  жеңілдікпен  лизингке «Мейрам»  шаруа  қожалығы  төрағасы  Райымханов Үміткәрім және «Ернұр» шаруа қожалығының төрағасы Көбікбаев Аманғазы, «Арсен» шаруа  қожалыңының иесі  Базарбаев  Роллан   толық  жабдығымен  трактор  алды.

2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Ойшілік ауылынан 7 адам 2,5 пайызбен жалпы құны 45 млн, 250 мың теңге несие алған. Несие алған ауыл азаматтары мал шаруашылығымен айналысып,  жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп қазіргі уақытта кәсіптерін актуализацияландырып салықтарын төлеп жұмыстарын жүргізіп отыр.

35 жасқа  дейінгі  жастар бағдарламасы  бойынша ауылдың  үш  азаматы жины 13 млн.6 мың  теңгенің несиесін  алып,қазіргі  таңда   барлығы мал  шаруашылығымен  айналысып  отыр.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қайтарымсыз грантқа қатысып  1 млн 476 мың теңге грантын   ауылымыздың тұрғыны Қажетбекова Әзенгүл жеңіп алып, қазіргі уақытта шағын наубайхананы іске қосып, ауыл халқын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Ауылда қазіргі уақытта 6 дүкен жұмыс жасап тұр. Дүкендердің барлығы екі жақты меморандумға отырып, ауыл халқына әлеуметтік азық-түліктерді меморандумда көрсетілген 15 пайыздан асырмай халыққа ұсынып отыр.

6 дүкеннің төртеуі арнайы темекі, алкогольдік өнімдерге лицензия алған заң аясында жұмыстарын жасап тұр. Әлеуметтік азық-түлік бағаны тексеріп тұратын мобильдік топ әр тоқсан сайын мониторинг жұмыстарын уақытымен жүргізеді.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Жалпы ауыл  көлемі  бойынша  төрт  әлеуметтік  қызметкер, бір  ассистент  халыққа қызмет  көрсетеді.

Әлеуметтік  қызметкерлер  өздерінің  қарамағындағы  жалғызілікті  қарттар  мен  мүмкіндігі  шектеулі жандарға  үйден  қызмет  көрсетіп  отырады. Оларға  уақтылы  барып, керекті дәрі-дәрмек  және  қажет  болған  жағдайда,  азық-түліктерін  жеткізіп  беріп  отырады. Аудандық  мекемелерге құжаттарын  өткізуге жәрдемдеседі.  Сонымен  қоса,   ауылда  өтетін  мәдени  көпшілік  шараларды  тамашалауға алып  келеді. Ауылдың  атымтай  жомарт  жандарымен және ауылдағы мекеме  басшыларымен тіл  табысып, осы  жалғызілікті  қарттар  мен  мүмкіндігі  шектеулі  жандарға   жылына  көлемі  100 мың  теңге болатын демеушілік жасап  беріп  отырады.

«Жүрек  жылуы»  атты  қайырымдылық  акциясы ауыл  көлемі бойынша үнемі ұйымдастырылып  отырады.
        Округ бойынша 2024 жылы   44  отбасы  атаулы  әлеуметтік  көмекке  құжаттары  өткізді алайда оның 2 отбасының күнкөріс деңгейі көрсетілген қалыптан  асып  кеткендіктен  АӘК тағайындалмады.

Округ бойынша 52 мүмкіндігі  шектеулі  жандар  бар. Оның  ішінде 1 топ-2  адам, 2 топ- 10  адам,3 топ -33  адам.Он  алты  жасқа  дейінгі -7 адам тіркелген.

Округ  бойынша үшінші  топ  мүмкіндігі  шектеулі  33 адамның 8 адамы  жұмыспен  қамтылып  отыр.

 

Білім беру саласы

 Ауылдық округте жалпы білім беретін 2 орта  мектебі  жұмыс  жасайды. Мектептердегі  оқушы бала саны  Тоғас  батырда- 336 оқушы, Тана мырза  орта  мектебінде 90 оқушы білім алуда. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту және оқыту бойынша Ойшілік ауылында 80 орындық  1 бала бақша, Тана мырза ауылында   30  балаға арналған шағын орталық жұмыс жасап тұр.
        

Ауыл бюджеті

Округ бойынша бюджет қорын толықтыру  мақсатында жұмыстар атқарылуда. Ойшілік ауылдық округінде 316 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер жұмыс жасап тұр.  Осы мақсатта округте  636 салық төлеуші, оның ішінде  163 үлкенді, кішілі  шаруа қожалығы, 138 жеке кәсіпкер, шағын және орта кәсіпкерлердің заңды тұлғалары 15 жұмыс істеп тұр.

 2024 жылы  жоспар бойынша салық көлемі  3 983 000 теңге берлсе, салық түсімі 8 578 169 теңге  болып,  215 % жоғарғы  көрсеткішімен артық орындалды.

Демография, денсаулық сақтау саласы

Округ бойынша демографиялық жағдай қалыпты деңгейде болды. 2024 жылы  34  бала дүниеге  келді. Ал, қайтыс  болғандар  саны 13 адам.

Ауылымызда  41 алтын алқа, 30 күміс алқа,  жалпы көп балалы аналар саны 66.

       Ауылдық округте  ауылдық амбулатория 4 фелдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Оларда барлығы 1 жоғары білімді  дәрігер, 11 арнаулы орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
Жыл сайынғы халықты скринингтік профилактикалық тексерулердің нәтижесінде қатерлі ісік пен туберкулез аурушаңдық  көрсеткіштері, былтырғы жылмен  салыстырғанда төмендеді.

     Округке  қарасты  Айнабастау  елді  мекенінен жаңадан  ФАП салынып құрылыс жұмысы жүргізіліп  жатыр, 2025  жылы  құрылысы толығымен  аяқталып, пайдалануға  беріледі.

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы

 

       Мақсатты істеріміздің бір саласы – туған жерді түлету, ауыл-аймақты абаттандыру, көркейту, көгалдандыру және тазалық жұмыстары болды.

Ауылда 13 көше бар. 13 көшенің 7 көшесі жарық шамдар орнатылып жарықтандыру жүргізілген. Жарық шамдары арнайы уақытында жанып, сөндіріліп, уақытылы ауыстырылып  тұрады. Ауылдағы басты көшелердің қазіргі таңда 54 ескірген шамдары ауыстырылды.  Ауылдағы арка шамдары жөнделіп, жарық шамдары ауыстырылды.

Ауыл көшелерінің ішкі жолдары көтеріліп, тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыл тұрғындары арасында ауылдағы 13 көше бойынша арнайы көше комитеттері құрылып, әкімшілік мекемесіндегі мамандарға бекітіліп берген көшелерді аралап тазалық жұмыстары жайында ескерту жұмыстарын жасап, тазалық жасамаған әрбір тұрғынға ауылдық учаскелік полейцей жұмылдырылып, жұмыстар жүргілді. Ауыл тұрғындары үйлерінің маңайын тазалау үшін 4 трактор, 3 ГАЗ-53 машинасы күнделікті жұмыс істеуде. Жалпы алғанда ауыл ішінен 515 тонна күл-қоқыс шығарылды, тазалық жұмысы жыл аяғына дейін жүргізілді.

Көше  бойындағы  талдар  әктеліп, бағаналар  түрлі-түсті  бояулармен сырланды. «Таза Қазақстан» акциясы бойынша әр аптаның жұма күндері тазалық жұмыстары жүргізіліп отырды.

2024 жылы болған су тасқынының алдын алу мақсатында ауыл басынан, көктемгі еріген қар-су тасқынын қорғау  мақсатында жасалған  бөгеттің 580 метр қайта көмкеріліп, ауылдың шығыс жағынан 1700 метр  жерге  жаңадан бөгеттер салынды. Бөгет жұмыстарын жүргізуге арнайы ТЖБ мамандары, аудандық комхоздан погрузчик, экскаватор техникалары жұмылдырылды.   

Округке қарасты Есім елді мекенінің өзеніне  аудандық бюджеттен 38 млн теңге бөлініп, көпір салынды. Көпір салу жұмыстарын ПМК Набиев жүргізіп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Есімге қарайғы 2,5 шақырым жол көтеріліп,  тегістелді.

Томар елді мекені өзенінен қатынау барысында тозған ескі көпір халықпен бірлесе отырып жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ойшілікке қарасты Ақжал елді мекенінің таулы аймағындағы қатынас жолдарын көктемгі су тасқынынан орылған жерлер топырақ, құммен  толтырылып, қырып жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Құмкөл, Ойшілік аралығындағы көпірді күрделі жөндеуге 14 млн 264 мың 399 теңге қаржы бөлініп, ТОО Проф Альянс сервис ЖШС құрылыс жұмыстарын жасап маусым айында пайдаланысқа өтті.

Көп балалы, аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, арнайы бағдарлама барысында  үш қос  тұрғын  үй  салынып, көп  балалы,  аз  қамтылған  6 отбасына салтанатты түрде арнайы  тапсырылды.

Спорт  және  мәдениет саласы 


          Ойшілік ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын орнықтыру, дене шынықтыру мен спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда.
          Бүгінгі күні округте 2 спорттық залы жас өспірімдерге қызымет көрсетіп тұр.  2024 жылы спорттың кең тараған түрлері дзю-до күресі, волейбол, футбол, баскетбол,  шахмат, дойбы, стол теннисі,  10-нан астам спорттық - көпшілік шаралары ұйымдастырылып, 500-ге жуық адам қамтылды.

Ауылымыздағы  «Тоғас  батыр»  мектебіне облыстық және аудандық әкімдіктердің бірлесіп балаларды спортпен қамту қажеттілігін арттыру, ауыл мектептерін дамытуға үлес қосу мақсатында   «Қазақстан халқына» қоры мен «Батыр- боламын»  қоғамдық  қоры  арқылы 9 млн теңгенің  спорттық  жабдықтары  пайдалануға  берілді.

Ауылымызда биылғы 2024 жылы шағын футбол алаңын 5,629 млн қаражат бөлініп, бөлінген қаражатты ИП «Айсұлтан»  ұтып алып құрылыс жұмыстарын аяқтап,  пайдалануға берілді.

     Ауыл  жастарының  ұйымдастыруымен ауылда үнемі мәдени  көпшілік шаралар  өтіп  тұрады. Жыл  басынан  бері  ауыл  жастарымен 8  семинар, 10 мерекелік  шара, 10  кездесу  ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған спартакиадалық ойынға 9 округ ішінде округ бойынша жүлделі 4-ші орынды иеленді. Барлық спорт түрлерінен қатысушылар саны 159 спортшы қамтылды.

Облыстық ерлер арасында Курчатов қаласында өткен гір тасын көтеруден, округке қарасты Тана мырза ауылынан шыққан ерлер мен жасөспірімдер арасынан құралған команда жүлделі  бірінші орынды иеленді. Жаттықтырушы Ә.Аманжолов.

Облыстық әйелдер арасында өткен қол күресінен 75+кг салмақта М.Акимбаева жүлделі 1-ші орынды  алды.

Ауданда өткен, Республика партиясының демеушілігімен, қолдауымен өткен «QUIZ» интелектуалдық жастар арасындағы ойында Ойшілік жастар командасы бас жүлдені иеленіп, қаржылай 50 мың теңге жүлдені ұтып алды. Ойшілік жастары осы сайыстан алған қаржыларын ауыз біршілікпен қайырымдылық қорына жұмсап, ауылдағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасына азық-түлік алып берді.

Аудандық білім беру орталығынан педагог, М.Имашев атындағы спорт кешенінің дзю-до күресінен жаттықтырушы Е.Кеңесов «Тоғас батыр орта» мектебінің арнайы спорт залында  қазақ және дзю-до күресінен үйірме жұмысы бойынша ауыл жасөспірімдерін күрестен жаттықтырып жүр.  Үйірмеге жиыны 40 бала қамтылған. Олардың арасынан 6 бала КМС қорғады, Республика құрамасында 1 бала, Республикалық сайыста 6 бала, облыстық сайыстан 7 бала чемпион атанып күресіп, жүлделі орындар алып  жүр.

Ауылда «Хан Тоғас» бабамызға ұрпақтары  арнайы салтанатты түрде еске алу асы берілді. Асқа Республика, облыс, аудан бойынша қызмет жасап жүрген ұрпақтары жан-жақтан ат салысып, демеушілік көрсетті

Ауылымыздағы  клуб  үйіне, Ақсуат  мәдениет  үйі  берген   ЛЭД экранды  іске қосу  үшін, 300  мың  теңгенің  демеушілігі  арқылы  Түркістан  қаласынан  арнайы  мамандар  алдырылып, қазіргі  таңда жұмыс  жасап  тұр. Қазіргі  таңда   ауыл  халқына  әр түрлі мәдени  қызметтер мен  кешкілік  ауыл  жастарына  арнап  кинолар  көрсетеді.

Ауылдық округ  бойынша  өнерпаздарымыз  аудандық  деңгейде  өтетін  мәдени шараларға   үнемі  қатысып,  жүлделі  орындарға ие  болып,  ауылымыздың намысын  қорғап  келеді.   

Ауыл жастарының  ұйымдастыруымен  ауылда «Тазалық –денсаулық  кепілі»  атты айдармен  үнемі  тазалық айлықтары  ұйымдастырылып  тұрады.

Еліміздің өркендеуі жолында алға қойған мақсат-міндеттерге қол жеткізу және межелеген деңгейге жету үшін мемлекет беріп отырған барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тиімді жұмыс атқаруымыз қажет  деп  ойлаймын.

 

 

 

2025 жылы  атқаратын  жұмыстар  тізбесі

 

-Екі  ойын  алаңын салу,  Есім  және Тана  мырза елді  мекендеріне.

 -Ауылға  раскол салу.

 -Ауылымызға мал  моласын  салуға  ықпал жасау.

- Ауылға  салынатын спорт  модульдің  жұмыстарын  қадағалау.

- Есім елді  мекені  мен  Тана  мырза  елді  мекенінің арасындағы  жолын көтеріп,  тегістеу.

 

Тағы  да  ағымдағы  жұмыстарды,  жоспарға  сәйкес  жүргізу.

Тыңдағандарыңызға  рахмет!

Дата публикации
03 февраля 2025