Ойшілік ауылдық округінің 2024 жылғы қаңтар-қазан айларының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Заңды тұлғалардың статистикалық тіркеліміне 102 орта шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелсе, оның 98-і жұмыс істеуде.
Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында 2024 жылдың қараша айына қалған мал басы:
Ірі қара 10 821 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда (67%) кеміді.
Жылқы 3522 бас болып (82%) кеміді
Қой – ешкі саны 27 257 бас болып (118%) өсті
Ағымдағы жылдың қараша айына дейінгі шаруашылықтың барлық санаттары бойынша ауыл шаруашылық өнімдері, оның ішінде ет 16 710 тонна болып өткен жылмен ссалыстырғанда 101 %,сүт өнімі 2 425 тонна болып 101 %ге, жұмыртка 118 мың дана болып 101 % өсті.
Ойшілік ауылдық округі бойынша қазан айына дейін 2024 жылы 63 жеке кәсіпкер тіркелсе, істеп тұрғаны 40.
Қаңтар-қазан айларында кәсіпорындар бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 600,0 млн тенгені құрап отыр. Жиыны 5 қора, 7 үй өтіп отыр.