Ауылдық округтің орталығы – Кіндікті ауылы. Ауылдық округте 2 елді мекен бар. Олар Кіндікті және Алғабас. Халық саны 662 адам. Олардың ішінде жұмыспен айналысатыны адам. Ауылдық округ облыс орталығынан 460 км, аудан орталығынан 120 км, теміржол торабынан 240 км қашықтықта орналасқан.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі мал бағу болып табылады. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің көлемі 172539 га. Оның ішінде егіндік жер 6739 га, шабындық жер 8000га, жайылымдық жер 157800 га. Қазіргі шаруа қожалықтардың саны 58. Мал басы: ірі қара мал- 6520. Қой-ешкі саны- 16414, жылқы саны- 1499.
Денсаулық сақтау саласы туралы мәліметтер. Округте 1 дәрілік емхана тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетеді.
Әлеуметтік сала.
Зейнеткер саны - 86
Жанұялар саны – 150
Жұмыссыз жанұялардың саны – 13
Тұрмысы төмен адамдар саны – 15
Кәсіпкерлік.
Кіші кәсіпкерлік субъектілер: дүкен – 6, наубайхана – 2,
техникалар саны: комбайн жоқ, трактор – 67, жеңіл машина – 92.
| Мекен жайы | С.Сағындықов 32 |
| Телефон | 28136 |
| почта | Kindikty.2021@bk.ru |