Әз наурыз мерекесі Кіндікті ауылында дүркіреп өтті. Көшелер жарысып, белсене қатысты. Әрбір көше өздерінің дайындалған дастарханын жайып, күй тартып, әуезді ән мен мың бұралған билер елдің рухын аспандатты. Сонымен қатар әр түрлі спорттық сайыстар: ерлер мен әйелдер арасында қол күрес, гир көтеру т.б ойындар мерекенің көркін қыздырды. Өнер көрсеткен әрбір көшеге және спорт жүлдегерлеріне арнайы дипломмен ақшалай және сыйлықтар табысталды. Әз-Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!