
Округте 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана жұмыс істейді.
Ауданда өткізілетін барлық мәдени-көпшілік іс-шараларға ауыл тұрғындары белсене қатысады. Кітапхананың кітап қоры - 11339 дана. Оқырмандар саны - 600 адамды құрайды.
1 мамыр 2023 жылы ауыл тұрғындарының демеушілігімен Кіндікті ауылдық округінде «Көкпар» ойыны өткізілді. Ұлттық рухымызды оятқан ұлы тойға қаладан да, көршілес ауыл – ауданнан да келушілер қатары аз болмады.
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің акт залында әйелдер қауымына мерекелік концерт ұйымдастырылып, шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлердің демеушілігімен сыйлықтар таратылды.