Екпін ауылындағы Молдабай көшесінде орналасқан кіреберіс қақпаға күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қақпа заманауи үлгіде жаңартылып, ауылдың сәулеттік келбетіне оң әсер етеді деп күтілуде.
Екпін ауылында заманауи спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде
Екпін ауылында ауыл тұрғындары мен жастарға арналған жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары сапалы әрі бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқарылып жатыр.
Жоба аясында заманауи талаптарға сай спорттық инфрақұрылым салынуда. Жаңа кешенде түрлі спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін алаңдар, жаттығу залдары және қосымша нысандар қарастырылған.
Аталған нысан пайдалануға берілгеннен кейін ауыл тұрғындарының дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуына жағдай жасалып, жастардың спортқа деген қызығушылығы арта түседі деп күтілуде. Сонымен қатар, бұл кешен салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға елеулі үлес қоспақ.
Құрылыс жұмыстарын "Жансерік" ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асыруда.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер атындағы көшелер жарықтандырылды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында олардың есімін иеленген көшелерге жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Біраз күн бұрын Екпін ауылындағы Ұлы Отан Соғысының ардагері Оралбаев Байғабыл атындағы көшеге жарықшамдар орнатылып, толықтай жарықтандырылса, жуырда Ұлы Отан Соғысының ардагері Қапатай Жанқайыровтың есімін иеленген көшеде де осы игілікті іс жалғасын тапты.
Аталған шара тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасын арттыруға бағытталған. Енді бұл көшелер түнгі уақытта да жарық әрі жайлы болмақ.
Мәңгілік ерлік иелерінің есімін ардақтап, олардың құрметіне жасалып жатқан мұндай игі бастамалар – өскелең ұрпаққа үлгі, ал ел жадындағы ерлік ешқашан ұмытылмайды.
Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді.
073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.
Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын. eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электрондық үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу одан да оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті.
Қызметті пайдалану үшін:
Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Жаңартылған функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.
Енді eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылық пен қорғаншылық белгілеу қызметі қолжетімді. Жаңа қызмет өтініш беру процесін айтарлықтай жеңілдетіп, қағаз түріндегі құжат айналымын жояды және жалған мәліметтерді ұсыну қаупін азайтады. Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі.
Кәмелетке толған азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы сот шешімімен жүзеге асырылады. Осы шешім негізінде болашақ қорғаншы немесе қамқоршы eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қамқоршылық белгілеу туралы өтініш бере алады.
Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін:
Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін:
eGov.kz порталында қорғаншылар мен қамқоршыларға қамқорлығындағы адамдардың мүлкіне және әлеуметтік төлемдеріне билік етуге рұқсат алуға мүмкіндік беретін жаңа көрсетілетін қызмет іске қосылды. Көрсетілетін қызмет сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін ұсынылады және қорғаншылардың мүлкіне билік етуге ресми рұқсат алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция арқылы электрондық өтініш беру процесі жеңілдетілді. Қажетті мәліметтер цифрландырылған болса, олар өтініш толтырылған кезде автоматты түрде жүктеледі, қателіктер қатерін азайтып, деректерді қайта енгізу қажеттілігін жояды.
Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:
- eGov.kz порталында тіркеліп, «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамсыздандыру» - «Отбасыларға көмек» бөліміне өтіңіз;
- «Мүлікке билік етуге рұқсат беру, зейнетақыны, жәрдемақыны, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның есебінен алынған әлеуметтік төлемдерді алу және сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» қызметін таңдап, «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз;
- қажетті өрістерді толтырыңыз;
- Тапсырма түрлерінің бірін таңдап, қажетті алаңдарды толтырыңыз;
- өтінішке қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қойыңыз.
Өтінімді қарау нәтижесінде өтініш берушінің жеке кабинетінде электрондық түрде бұйрық немесе уәжді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.
Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.
eGov Mobile мобильді қосымшасында кәмелет жасына толған азаматтарға қамқоршылық жасайтын тұлғалар туралы мәліметтері бар цифрлық құжат қолжетімді болды. Бұл құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады, онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы азаматтар туралы мәліметтер сақталады.
Құжатта келесі деректер қамтылған: қамқоршының ЖСН мен ТАӘ, туған күні, сондай-ақ қамқорлығындағы азаматтың ЖСН мен ТАӘ, туған күні, қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, сонымен қатар «Жарамды күні» туралы ақпарат бар. Құжаттың түпнұсқалығын растау үшін QR-код қарастырылған: оны сканерлеген кезде бір тәулік бойы жарамды цифрлық нұсқасы ашылады.
Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.
Қамқоршы мәртебесін ресми түрде растау қажет болатын жағдайларда – мемлекеттік төлемдерді алу, банкке, медициналық мекемелерге және басқа ұйымдарға жүгіну кезінде – бұйрықтың электрондық нұсқасы қажет болуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:
Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.
Абай облысында медицина саласы қарқынды дамуда
Былтыр өңірге 71 жас маман тартылып, резидентурада білім алуға 45 грант бөлінген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Медициналық көмекті ұйымдастыру және дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі басшының орынбасары Айсұлу Саимованың баяндады.
- Өткен жылы жас мамандарды бөлу нәтижесінде 71 жас қызметкер жұмысқа кірісті. Оның 61-і – қалада, 10-ы – аудандық мекемелерде еңбек етуде. Жергілікті бюджет есебінен жыл сайын резидентурада білім алуға арналған гранттар бөлінеді. 2023 жылы 45 грант бөлінсе, биыл да осы көлемде гранттар қарастырылған. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады, – деді Айсұлу Саимова.
Ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысының орынбасары Әсем Орынбаева медицина кадрларымен қамтылу деңгейі 86 пайызды құрайтынын атап өтті.
– Салыстыра өтсек, бұл көрсеткіш республика бойынша шамамен 90 пайыз. Кадр тапшылығы бар, дегенмен 2024 жылы аса тапшы мамандықтар бойынша жұмысқа қабылданғандар саны артты. Олардың қатарында акушер-гинекологтар, неонатологтар, реаниматологтар, соның ішінде – балалар дәрігерлері бар. Сондай-ақ білікті мамандар, оның ішінде балалар хирургі де тартылды. Қазіргі таңда кадрлық жетіспеушілікті жою бағытында нақты жұмыс жоспарлары құрылып, мәселе күн тәртібінде тұрақты қаралуда. 2025 жылы бұл мәселені шешеміз деген ойдамын, – деді Әсем Орынбаева.
Медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігін кезең-кезеңімен шешу үшін заманауи медициналық жабдықтар сатып алу, скрининг жүргізуге арналған персоналды оқыту және басқа да шаралар жүзеге асырылуда.
Спикердің айтуынша, былтыр облыстық бюджеттен резидентураға 45 грант бөлініп, кадр даярлауға 43 миллион теңге қарастырылған. Өңірге жоғары білікті дәрігерлер тартылып, оларға қолжетімді тұрғын үй, мансаптық өсу және жұмыс істеуге қажетті жағдайлар ұсынылуда.
Азия және Океания чемпионаты-2025
♦️Өзбекстан мемлекеті Ташкент қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында өткен жарыста Қазақстан құрамасының сапында Ақсуат ауданының “Бұқаралық және ұлттық спорт ойындарының орталығы” КММ-сі спортшылары Қалмақбаев Ерғали 🥇-64 кг салмақ дәрежесінде, Сақпанбаев Алмас жүлделі 🥉-орындарға ие болды.
📌Бұл- жүйелі еңбектің, өр рухтың нәтижесі!
Ардагерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!