Екпін ауылдық округінің әкімі А.Қараталовтың 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы
Хабарлама.
1. Демографиялық ахуал, көші-қон.
Екпін ауылдық округінің негізі Екпін ауылы және Аққала елді мекендерінен құралған. 01.07.2025 жылға округтің халық саны 391 аула, 2016 адамды құрады. Екпін ауылы бойынша 1798 адам, 349 аула, Аққала елді мекенінде 218 адам, 42 ауланы құрап отыр. Округтің жалпы жер көлемінің аумағы 156 733 га, оның ішінде жайылымдық жерлер 99 859 га, суармалы жерлер 3132 га, шабындық жерлер 8009 га. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 111 000 га, елді мекен жерлері 4564 гектарды құрайды.
Округте 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 дәрігерлік емхана, 1 фелдьшерлік пункт, 1 мал дәрігерлік пункт, 1 балабақша, Казпочта бөлімшесі орналасқан. Округ аудан орталығынан 5 шақырым, облыс орталығынан 345 шақырым, темір жол торабынан 215 шақырым жерде орналасқан.
2. Ауылшаруашылық саласы.
Ауылдық округтің негізгі экономикалық көрсеткіші ауыл шаруашылығы болғандықтан 2025 жылдың басынан бері мал басы: ірі қара 25391 бас болып былтырғы жылдың даму қарқынымен салыстырғанда 105 %, ұсақ мал 40 176 бас болып 140 %-ға, жылқы 4559 бас болып 113 % -ға өссе, түйе 32 бас, құс 2180 бас болып бұрыңғы жылдардағы басы сақталды.
Округте 130 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Олар мемлекеттік кірістер басқармасында толық тіркелген. Оның ішінде мемлекеттен субсидия алып отырғаны 74 шаруа қожалығы бар.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы бағытында жұмыс істеп отырған 23 шаруа қожалық бар.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 7 трактор қосалқы бөлшектерімен сатып алынды.
3. Шағын кәсіпкерлік.
Ауыл экономикасын дамытып, әлеуметтік мәселелерді шешуде шағын кәсіпкерліктің алатын орны маңызды. Бүгінгі күнге ауылдық округте 16 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Олар 1 мал сою алаңы, 6 сауда дүкені, 1 қоғамдық тамақтандыру орны, 1 тойхана, 2 дәнекерлеу цехы, 2 наубайхана, 1 техникалық қызмет көрсету орталығы, 1 жем тарту цехы жұмыс істейді.
Қосымша кіріс көздерін іздестіру үшін жалға беру, жалға кәсіпкерлік субъектілеріне беру, кәсіпкерлік субъектілерін ашу т.б. көздерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
4. Негізгі капиталға тартылған инвестиция.
Жергілікті салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер 2025 жылдың жыл басынан бері көлік салығы 5 769 248 теңге, яғни 115 %, жеке табыс салығы 114 981 825 теңге, яғни 530 % , мүлік және жер салығы 50 000 теңге,сонымен қатар ауылдық округ аумағындағы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем 7 452 047 теңгені құрап 155 % орындалды. Ауылшаруашылық мақсатында жер учаскесін сатудан түсетін салық (303-101) 664 251 теңге яғни 35 % жиналса. 2025 жылы жиналған барлық салықтан түсетін түсімдер 134 415 684 теңге 2024 жылдың осы кезеңіндегі даму қарқынымен салыстырғанда 344 пайызға орындалып отыр.
Өткен жылы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қадағаланып округтегі салынған тұрғын үйлер, сатып алынған ірі қара малдары, сатып алынған асыл тұқымды малдардың шығыны және сатып алынған ауыл шаруашылық техникалар бойынша жиыны 786 млн 565,0 мың теңгенің инвестициясы тартылды.
5. Білім беру.
Округтегі білім беру саласында 1 орта және 1 бастауыш мектеп бар. Ы.Кабеков атындағы орта мектепте 47 мұғалім жұмыс істейді 2024-2025 жылғы оқу жылында орта мектепте барлығы 0-11 сынып аралығында 356 бала биылғы оқу жылын аяқтады.
Мектеп жанындағы шағын орталықта үш топта 40 бала, 5 тәрбиеші жұмыс істейді.
Аққала елді мекенінен 5-11 сынып аралығындағы 10 оқушы Ы.Кабеков орта мектебіне автобус арқылы тасымалданады.
Биылғы оқу жылында 16 бала мектеп бітірді. Оның ішінде үздік аттестатпен бітіргендер 3 түлек.
Мектеп жаныңдағы асханадан ыстық тамақпен барлығы 204 оқушы қамтылған.
Аққала бастауыш мектебінде 3 мұғалім жұмыс істейді. 1-4 сынып аралығында 9 оқушы білім алады.
«Балбөбек» балабақшасына 70 бала қамтылған, оларға 1 меңгеруші, 3 мұғалім, 6 тәрбиеші жиыны 25 адам жұмыс істейді.
6. Денсаулық сақтау.
Округтегі 1-дәрігерлік амбулаториямен 1-фельдшерлік пунктте 1- жоғары білімді дәрігер, 5 орта буынды мейірбике халыққа медициналық қызмет көрсетсе, Аққала елді мекеніндегі фельдшерлік пунктте 1-фельдшер жұмыс істейді. Округ бойынша 2025 жылы 25 бала өмірге келсе, 7 адам әртүрлі жағдайлармен қайтыс болған.
Жоспарға сай тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жасалынып отырады. Жедел жәрдем көлігі бар.
7. Мәдениет және спорт. Аталған салаларда да бірқатар жоспарлы
жұмыстар атқарылуда. Ауыл округінде мәдениет, спорт саласында және жастармен жұмыс, мәдени- көпшілік, спорттық бұқаралық жұмыстар талапқа сай ұйымдастырылып, жоспарға сай іс-шаралар өткізіліп отырылады. Атап айтқанда «8 Наурыз» мерекесі, «Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз» мерекесі, «9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығы » мерекелеріне арналған түрлі мәдени іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Екпін ауылының ұйымдастыруымен ауыл клуб үйінде Е.Хасанғалиевтің туылғанына 85-жыл толуына орай «Ескендір әндері ел жүрегінде» атты аудандық әжелер ән байқауында Екпін ауылының «Ақтілек» әжелер ансамбльі 1- орын алды. Сондай-ақ ауылымыздың ұйымдастыруымен өткен облыстық «Бұрымды ару» байқауында Екпін ауылы жүлделі 1- ші орын алды.
Екпін ауылының өнерпаздары аудандық деңгейде өткізіліп тұратын мәдени және спорттық шараларға мектеп оқушылары, ауыл жастары жоспарлы түрде қатысып тұрады, жүлделі орындармен оралады.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұлттық асық спорты түрлерінен Астана қаласында өткен жалпы ұстаздар арсындағы Республикалық турнирде Екпін ауылының командасы жүлделі орынға ие болды.
Сонымен қатар Екпін ауылының тумасы, жерлесіміз Берекетов Мейіржан Үндістан мемлекеті, Дели қаласында өткізілген қазақ күресінен Әлем чемпиоанытында топ жарып, ауылымыздан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Ақсуат ауданы әкімінің жүлдесі үшін өткізілетін халықтық спорт ойындарына Екпін ауылының құрама командасы ұйымшылдықпен барлық спорт түрлерінен жоғарғы деңгейде қатысуға дайындық жасауда.
8. Әлеуметтік сала.
Округ бойынша 4-адам тыл ардагері, 1-адам Чернобыль апатына қатысушы, 150 зейнеткер бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдар саны 60 оның ішінде I-топтан 4 адам, II-топтан 21 адам, III-топқа жататындар саны 24 адам, 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар 10 адам. 4 және оданда көп балалы аналар саны 63 адамды құраса, күміс алқа алған аналар 43 және алтын алқа иегері болған аналар саны 34 адамды құрап отыр.
Округте 2 әлеуметтік қызметкер «Жалғызілікті қарттармен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі адамдарға және 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі адамдарға» үйден әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында қамтылған 3 адамға тұрақты қызмет көрсетіп келеді.
Округ бойынша аз қамтамасыз етілген 37 отбасынан 230 адамға мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алып отыр.
9. Құрылыс жұмыстары. Екпін ауылының тұрғындары, ауыл кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары мен еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген ауыл тумаларының және әр жылдардағы мектеп түлектерінің демеушілігімен қаржы жиналып, 300 орындық «Қатымхана» ғимаратын салу бастамасы қолға алынған еді. Құрылысы өткен жылы басталған нысанға жетпей тұрған қаражатты ауыл тумасы, Ақсуат аудандарының құрметті азаматы, белгілі меценат, жерлесіміз Дулат Тұрсынұлы Тастекеев өз қаражаты есебінен толықтырып, ағымдағы жылдың маусым айында құрылыс жұмыстарын толық аяқтауға зор септігін тигізіп, үлкен демеушілік көрсетті. Сонымен қатар ғимаратта қажетті ыдыс, жиһаздармен заманауи жабдықталып, «Adal holl» қабылдау үйі атауымен пайдалануға берілді.
Екпін ауылында «Спорт модульдің» құрылысы басталып жыл аяғына дейін құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.
Ауылдын батыс жағында орналасқан зират қорымының аумағына қоршау жұмыстары жүргізілді және қосымша қоршау жұмыстары жүргізілетін болады.
Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында Ақсуат – Екпін бағытында автожол бойына түнгі уақытта жақсы көрінетін жарықтандырылған жол белгілері орнатылды.
Ұлы Жеңістің 80-жылдық мерекесіне байланысты ауылымыздағы Ұлы Отан Соғысының ардагерлері Байғабыл Оралбаев және Қапатай Жаңқайыровтардың есімі берілген көшелерге көше жарықшамдары орнатылып, толықтай жарықтандыру жұмыстары аяқталды.
Аққала елді мекенінен медициналық пункт ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде және құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталып пайдалануға берілетін болады.
10. Абатандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық.
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясының апталықтарына және халықтың санитарлық-эпидемологиялық салауаттығын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің қаулысына сәйкес тазалық айлығы барысында округ бойынша санитарлық тазалық жүргізу туралы, ауыл әкімінің шешімі шығарылып, іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс тобы құрылған.
Ауыл көшелерінің санитарлық тазалығын қадағалау мен бақылау жұмыстарын жүргізуге мекеме қызметкерлері бөлініп, тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Қоқыс полигонының маңайындағы қоқыс қазылған шұңқырларға итеріліп отырады.
Молдабай көшесінің бойынан салынған саябақтағы талдарға күтім жасалып, уақытылы суарылып отырады. Сондай ақ ауылдын Мәдениет үйі аумағына, қоғамдық саябақтарға және жеке тұрғын үйлерге тал көшеттері таратылып, барлығы 100 ден астам ағаш көшеттері таратылып берілді. Округтегі мекемелердің алдындағы талдардың ұштары қырқылып, жол бойындағы ғимараттардың маңайы тазартылып, ақтау, қоршауларды сырлау жұмыстары жүргізілді.
Ақсуат-Екпін бағытындағы тас жолдың бойындағы қоршау қашалары сырланып, электр желілерінің бағаналарының түптері боялды.
Округтегі әлеуметтік маңызы бар мекемелердің атап айтқанда ауыл әкімшілігі ғимаратының алдына, Ы. Кабеков мектебіндегі Ы. Кабеков ескерткішінің маңайына, Аққала бастауыш мектебі ғимараты, Екпін «Мәдениет үйі» ғимаратының алдына гүлзарлар егілді.
Халқымыздың тазалық денсаулық кепілі деп айтқандай ауыл тұрғындары арасында санитарлық - тазалық жұмыстарын насихаттай отырып тазалық, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары ары қарай да жүргізіле береді.
Тазалық, көгалдандыру жұмыстары жөнінде ауыл әкімдігі өз жұмыстарын жалғастырып әрдайым бақылауда ұстап отырады.
Ауылдық округ әкімі А.Қараталов