
Екпін ауылдық округі бойынша Екпін ауылынан 3,1 шақырымдық көше жолына “Ауыл ел-бесігі” бағдарламасы арқылы 115,5 млн. теңге қаржы қарастырылып, асфальт жамылғысы төселуде. Мердігер ЖСШ "SKS Build Invest".
Аққала ауылына 1 млн 769 мың теңге қаржыға көше жарықшамдары орнатылды. Мердігер «Ислам – 7» ЖШС.
Екпін ауылының 10 шақырым ішкі жолдарына Ақсуат КМК техникаларымен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Екпін ауылынан 3 млн теңге қаржыға қатты қалдық төгетін орынын қоршау жұмыстары жүргізілді. Мердігер «Алдияр LTD» ЖШС
Екпін ауылынан мемлекеттік-жекеменшік серіктестікпен 150 орындық клуб үйінің құрылысы басталды.
«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жалгерлік – коммуналдық екі пәтерлі 1 тұрғын үй салынып, кезекте тұрған 2 көп балалы отбасыларға кілті табысталды.