Мемлекеттік қызметтің функционалын кеңейту қамқоршыларға балаларын және он сегіз жастан асқан әрекетке қабілетсіз адамдарды емханаларға тіркеуге мүмкіндік береді. Цифрлық мемлекеттік қызмет көрсетудің инклюзивті тәсілі әртүрлі санаттағы азаматтардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға оң әсер етеді.
Бұрын бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері балаларын емханаға тікелей жүгінгенде ғана тіркей алатын. Процедура өтініш берушінің жеке қатысуын ғана емес, сонымен бірге қамқоршылықты немесе қорғаншылықты растайтын сот шешімін немесе басқа құжатты ұсынуды талап ететін.
Жаңартылған мемлекеттік қызмет көмегімен қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілері және балаға немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қамқорлық жасап, білім беру, тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да адамдар өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды емханаға өтініш бере алады.
Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушыға:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Емханаға тіркелу» қызметін таңдау қажет;
- өтініш берушінің санатын: «Балаға (18 жасқа дейін, оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы)» немесе «Заңды өкілге (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғандарға)» таңдау керек;
- аймақ пен ауданды, емхананы, тіркеу себебін (көшу немесе еркін тіркеу), емдеуші дәрігерді таңдап, сонымен қатар көрсетілетін мекенжай мен байланыс телефон нөмірін толтыру қажет;
- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ/QRCode немесе sms-растау арқылы өтінімге қол қою керек.
Қызметтің нәтижесімен пайдаланушы өтінімді тікелей медициналық ұйымның қарауынан кейін Жеке кабинетінде таныса алады.
Қызметті тек тұрғылықты жері өзгерген жағдайда ғана емес, сонымен қатар жылына бір реттен жиі емес бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде медициналық ұйымды ауыстырғыңыз келсе де пайдалануға болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін өтетін тіркеу науқанының аясында медициналық ұйымды ауыстыруға болады. Тіркеу науқанының нәтижелері бойынша пациент келесі жылдың басынан бастап қызмет ала алады.
Енді сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары eGov.kz порталында онлайн өтініш бере алады. Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер қаражатын алу үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында «кедергісіз орта» құру азаматтардың әртүрлі санаттары үшін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Бұрын сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары қағаз түрінде құжаттар жинап, арнайы өтінімдерді ресімдеу үшін кезекте тұрған. Жаңартылған қызмет уақыт шығындарын едәуір азайта отырып, қажетті құжаттарды онлайн режимінде беруге мүмкіндік береді.
Енді қамқоршыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің келесі түрлерін алуға онлайн-өтінімдерді ресімдеу қолжетімді:
- мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету;
- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану;
- мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету;
- мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
- мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
- есту қабілеті нашар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін пайдалану (жылына алпыс сағат);
- үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алу;
-медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алу.
Көрсетілетін қызметтерді алу үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өту және «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөліміне өту қажет;
- бұдан әрі «Мүгедектігі бар адамдарды қолдау» бөлімінде ұсынылған тізбеден қажетті көрсетілетін қызметті таңдау керек;
- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою керек.
Көрсеткен уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламмен Жеке кабинетте танысуға болады («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде).
Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында онлайн режимінде өз жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын бере немесе жоя алады. Осы қызмет бойынша бұрын анықтама берген Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ процесті автоматтандыруға мүмкіндік берді.
Мекенжайды беру жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік деректер қорында кейін сәйкестендіру үшін қажет ресми мәртебе береді. Бұл ақпарат меншік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға мүмкіндік береді. Мекенжай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметтерге қосылу үшін қажет.
Ресми мекенжайдың болуы меншік иесіне құқықтық даулар туындаған жағдайда мүлік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, себебі жылжымайтын мүлік объектісі Мекенжай тіркеліміне енгізіледі. Сондай-ақ, мекенжайcыз жылжымайтын мүлікпен мәмілелер: сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар жасау мүмкін емес.
Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады.
Қызметті алу үшін:
Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Сұрау салу мәртебесі нәтижені алған күнін көрсете отырып, Жеке кабинетте де көрсетіледі.
Elicense.kz порталында заңды тұлғалар үшін сынықтарды, сондай-ақ түсті және қара металдардың қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызмет автоматтандырылды. Рұқсат алу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кәсіпкерлердің қызметі үшін қолжетімді.
Рұқсат беру бойынша қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Кәсіпкер лицензияны өзінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдардан рұқсат ала алады.
Рұқсатты алу үшін:
- elicense.kz порталында авторизация жасау және «Жер қойнауын пайдалану» бөліміне өту;
- «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» көрсетілетін қызметтер тізбесінен таңдау;
- барлық қажетті өрістерді толтыру, файлдарды жүктеу және мемлекеттік бажды төлеуз;
- ЭЦҚ/QR көмегімен қызметке қол қою қажет.
Мемлекеттік органның оң шешімі болған кезде дайын лицензия пайдаланушының elicense.kz порталындағы «Жеке кабинетінде» «Рұқсаттар» модулінде көрсетіледі. Өтініш бойынша бас тартылған жағдайда «Менің өтінішім» модулінде дәлелді бас тарту сақталады.
Рұқсат беру үшін 10 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Төлем заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша салық органының атына кез келген екінші деңгейдегі банкте жүзеге асырылады.
Жаңа қызмет ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты тұрғын үйге мұқтаж және табыс деңгейі жеткіліксіз отбасыларға беріледі. Сертификат алуға арналған тиісті онлайн-қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды.
Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
Тұрғын үй сертификаты келесі жағдайларда әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады:
- өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 6 айдағы орташа табысы еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен белгіленген шектен аспаса;
- орташа табыс зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті аударымдарды есепке алмайды;
- 23 жасқа дейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар қарауға енгізіледі.
Тұрғын үй сертификатын онлайн алу үшін пайдаланушыға:
- eGov.kz порталына кіріп және «Жылжымайтын мүлік» - «Тұрғын үй қатынастары» бөліміне өту қажет;
- «Тұрғын үй сертификаттарын беру»тізімінен таңдап, қажетті жолдарды толтыру керек;
- ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою қажет;
- қызмет нәтижесімен https://kezekte.kz сайтына Жеке кабинетте танысуға болады.
Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады. Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды.
Енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді.
Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:
Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар, деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауы салуы бойынша да жіберуге болады — ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді eGov Mobile қосымшасына тікелей сілтеме арқылы мессенджерлер немесе пошта арқылы жіберуге болатынын атап өтеміз.
Сервисті пайдалану үшін:
Бұдан басқа, пайдаланушылар мәліметтерге сұрау салулар тарихын тексеріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген мәліметтерге қолжетімділікті басқаруға, оларды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанатай Далматовты, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовті және Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевті қабылдады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиісті ведомстволардың жауапты қызмет бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды. Шомылу маусымы кезінде алдын алу шаралары туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов есеп берді, сондай-ақ ішкі істер, оқу-ағарту және көлік министрлері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Бүгінгі таңда жазғы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін еліміз бойынша су айдындарында 42 құтқару бекеті жұмыс істейді. Келесі жылы Шалқар, Имантау көлдерінде, сондай-ақ Қосшы қаласында 3 модульдік стансаның құрылысы аяқталады. Сонымен қатар қайықтар мен құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді посттар құрылды. Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп шомылуға және демалуға рұқсат етілген орындарды көбейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінде еліміз бойынша осындай 708 орын жабдықталған, жағажайлардың орналасқан жері туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған. Судағы қауіпсіздікті бақылау, оның ішінде су айдындарының жағалауларында спирттік ішімдіктерді тұтыну фактілерінің жолын кесу жөніндегі профилактикалық іс-шаралар шеңберінде акваторияларға патруль жүргізіледі. Жыл басынан бері 26 мыңнан астам рейд ұйымдастырылып, 3 мыңға жуық құқық бұзушы жауапқа тартылды.
Үкімет отырысы барысында су айдындарына жақын жерде ұйымдастырылған балалар демалысы мәселесіне ерекше назар аударылды. Мониторингтік топтар суға шығатын 31 қала сыртындағы лагерді және өз бассейндерімен жабдықталған 127 демалыс базасын тексерді. Статистикаға сәйкес, жыл сайын республиканың су айдындарында 200-300-ге жуық суға кететіндердің 100-ге жуығы — балалар. Премьер-Министр өңірлердің әкімдіктеріне судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі алдын алу шараларын күшейтуді, оның ішінде жүргізіліп жатқан патрульдеу шарансын арттыруды тапсырды. Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін жағдайды нақты уақыт режимінде қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды қабылдау да маңызды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың арқасында құрбан болғандар саны 6%-ға қысқарды.
«Алматы және Павлодар қалаларында жүзіп бару шекарасын байқауға және суға батып бара жатқандарды ерте анықтауға мүмкіндік беретін қашықтан мониторинг жасау жүйесі пилоттық режимде сынақтан өтті. Ақтөбе облысында суға батып бара жатқан адамға батырма арқылы көмек шақыру сигналын жіберуге мүмкіндік беретін интерактивті қалқыма жобасы әзірленді. Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктері осы тәжірибені зерделеп, пайдалануы тиіс. Жағажайларда бақылау камераларын орнату және тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет», — деп атап өткен Олжас Бектенов қоғамдық құтқарушыларды тарту бойынша жұмысты одан әрі жандандыру қажеттігін айтты.
Ірі су айдындарынан басқа арықтар мен суару каналдары да қауіп төндіретініне айрықша назар аударды Үкімет басшысы Олжас Бектенов. Балалардың қайтыс болу жағдайлары негізінен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде – Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында тіркеледі. Премьер-Министр әкімдіктерге қоршаулар орнату арқылы инженерлік құрылыстарды абаттандыру мәселесін шешуді тапсырды. Сонымен қатар қалалық субұрқақтардың қауіпсіздігін тексеру маңызды.
Шағын көлемді кемелерді пайдалануды бақылау бойынша қатаң шаралар қабылдануы тиіс. Ақауы бар су көлігін пайдалану көбінесе қайғылы жағдайға әкеледі. Бүгінгі таңда Қазақстанда 19 мыңнан астам кеме тіркелген, оның 90%-дан астамы өздігінен жүретін кемелер.
Елімізде сауда саласы 1,5 млн астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Бұл сектор аталмыш көрсеткіш бойынша барлық сала арасында 1-орынға ие. Ол ЖІӨ-дегі экономикалық салым бойынша 2-ші орында, субъектілердің 36%-ы сауда саласында жұмыс істейді. Осы жылдың 5 айында сауданың нақты көлем индексі 103,1%–ды құрады. Номиналда ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымының көлемі ұлғайып, 21,9 трлн теңгеге тең болды. Бұл жайлы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Оның айтуынша, биылғы көрсеткіш былтырғы осы кезеңдегі деңгейден 1,5 млн теңгеге асып түсті.
«Сонымен қатар, біз екінші жартыжылдықтан бастап сауданың дәстүрлі өсуін күтудеміз. Ағымдағы жылдың 5 айында саудаға салынған инвестициялар көлемі 121 млрд теңгені құрады. Енді ішкі сауданы дамыту министрлігінің қызметіне тікелей көшкім келеді. Сауда саласының заңнамалық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Сауда қызметтеріне, ұсақ бөлшек сауда желілеріне, базарларға, қоғамдық тамақтандыру объектілеріне, электрондық саудаға қойылатын жалпы талаптар, сондай-ақ 9 ұлттық және 1 мемлекетаралық стандартқа байланысты персоналға қойылатын талаптар стандартталатын болады», – деді спикер.
Жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу бойынша талаптар егжей-тегжейлі нақтыланған. Жергілікті атқарушы органдар орналасқан жері көрсетілген жәрмеңкелерді өткізу күнтізбесін бекітеді, оның тақырыбын айқындайды және қазақстандық өнім өндірушілерді тегін сауда орындарымен қамтамасыз етеді.
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын бөлу бойынша ЖАО конкурстарын өткізу нормалары белгіленеді. Бұдан басқа, Ережеге төмендетілген тауарларды өткізу бойынша жекелеген талаптар және сатуды өткізу тәртібі енгізілген.
«Жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық бөлімшелер үшін ішкі сауданың негізгі көрсеткіштерін айқындау мақсатында есептеулердің тиісті тәртібі әзірленді. Бұл жобаны қабылдау сауда инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға назар аударуға мүмкіндік береді, сондай-ақ сауданың қазіргі заманғы форматтарының тұрақты және теңгерімді өсуіне жағдай жасайды», - деп түйіндеді ведомство өкілі.
«Астана – Алматы» автомобиль жолын реконструкциялау жобасын жүзеге асыру аясында шамамен 2,5 миллион тонна асфальт төсеу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
«Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарға бір миллион тоннаға жуық асфальтбетон төселді. Мәселен, Астана мен Алматыны жалғайтын «Орталық –Оңтүстік» дәлізін реконструкциялау жобасына 560 мың тонна асфальтбетон төселген. «Ақтөбе – Қандыағаш» жобасында 125 мың тонна асфальт төселді және т.б.», – деді ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.
«Талдықорған – Өскемен» тасжолын реконструкциялау барысында 638 мың тонна асфальтбетон пайдалану көзделген. Ал «Атырау – Астрахань» автожолын реконструкциялауды аяқтауүшін 500 мың тоннаға жуық асфальтбетон төсеу жоспарлануда.
Биылғы жол құрылысы маусымы аясында ҚР Көлік министрлігі 12 мың шақырым жолды құрылыс жұмыстарымен қамтымак. Бұл –рекордтық көрсеткіш. Мәселен, республикалық маңызы бар 5,3 мың шақырым жолда жөндеу жұмыстары жалғасын тапса, 4,2 мың жергілікті маңызға ие жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.
Сонымен қатар Көлік министрлігі салынғаннан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жолдарды орташа жөндеумен қамту бойынша жаңа ауқымды бағдарламаны іске асырады. 2,5 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Бұл облысаралық байланысты айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, 4 облыстың аумағы арқылы өтетін «Жезқазған –Петропавл» автожолы орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» тасжолын, ал Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында Өскемен мен Семей арасындағы автомобиль жолы жөнделмек.