Аймақ басшысы Ақсуат ауданына жұмыс сапары аясында ақсақалдармен кездесу өткізіп, өңірді дамыту мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты мәселелерді талқылады. Аймақ басшысы бастамалар мен ұсыныстарға ризашылығын білдіріп, аудан игілігіне бағытталған шешімдерді қабылдауда қариялардың пікірі маңызды негіз екенін баса айтты.