Басқармамен Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес облыс әкімдігі мен Басқарма «Е-лицензиялау» электрондық үкімет порталы арқылы жер қатынастары саласында 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың ішінде негізгілері- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу, жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру, жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту және басқалар.
2026 жылдың кезеңінде қаралған өтініштердің жалпы саны 321 құрайды, оның ішінде:
оң қаралды- 90 (жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін - 48, қорғаныс мұқтаждары үшін – 12, іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру – 4, жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту - 26);
дәлелді бас тарту – 231.
Дәлелді бас тартудың себебі бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес өтініш берушілер ұсынған материалдардың сәйкес келмеуіне байланысты.
Басқарма жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (құрамында алтыны бар кендерді өндіру және қайта өңдеу үшін, құрылыс тасы, кірпіш саздақтар) жалпы ауданы
2 мың га 31 жер учаскесін берді және уақытша жер пайдалану (жалға алу) туралы тиісті шарттар жасасты (өткен 2025 жылы - жалпы ауданы 74,1 мың га 64 учаске).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы
4 желтоқсандағы № 1047 қаулысына сәйкес жер комиссиясы институты жойылды, және жер учаскелерін беру кезінде шешімдерді әкімдік мүдделі уәкілетті органдардың қорытындылары негізінде қабылданады.