Меню

Страницы

Статья

Абай облысында қала құрылысы құжаттамасын дамыту

Абай облысында елді мекендерді аумақтарды одан әрі дамытуды жоспарлау, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін орналастыру үшін қажетті өзекті қала құрылысы құжаттамасымен – бас жоспарлармен және басқа да қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

2023–2025 жылдары жүргізілген жұмыстар шеңберінде облыс аудандары бойынша 146 қала құрылысы жобасы әзірленді.

Аудандар бөлінісінде:

  • Абай ауданы – 2 жоба;
  • Ақсуат ауданы – 17 жоба;
  • Аягөз ауданы – 11 жоба;
  • Бесқарағай ауданы – 19 жоба;
  • Бородулиха ауданы – 21 жоба;
  • Жарма ауданы – 14 жоба;
  • Көкпекті ауданы – 14 жоба;
  • Үржар ауданы – 33 жоба;
  • Мақаншы ауданы – 15 жоба.

Бүгінгі күні 27 жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, бекітілді. 119 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу және кейіннен бекіту жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде жекелеген жобалар бойынша құжаттаманы пысықтау және сараптама нәтижелері бойынша ескертулерді жою жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар облыстың қала құрылысы дамуының келесі кезеңі қалыптастырылуда. 2026–2028 жылдарға арналған өзектендірілген Жол картасына сәйкес, тағы 78 елді мекеннің бас жоспарларын әзірлеу көзделген: оның ішінде 2026 жылы – 39, 2027 жылы – 23 және 2028 жылы – 16 елді мекен.

Осылайша, жұмыс бір мезгілде екі бағытта жүргізілуде: бұрын әзірленген қала құрылысы құжаттамасын аяқтау және 2026–2028 жылдарға арналған жаңа іс-шараларды іске асыру. Бұл облыстың елді мекендерін аумақтық жоспарлаудың өзекті құжаттарымен кезең-кезеңімен қамтамасыз етуге және олардың одан әрі әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Облыс қалалары бойынша да жеке жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде Семей, Курчатов, Аягөз және Шар қалаларының бас жоспарларына түзетулер енгізу және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу жұмыстары бар.

 

Дата публикации
21 мая 2025
Дата обновления
29 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
29 сентября 2026
Басқармамен Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша АҚПАРАТ
Хабарлама
21 мая 2025
2025 жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады
Ақпарат
21 мая 2025
Абай облысында қала құрылысы құжаттамасын дамыту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы