«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ережесі

Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.а.

2024 жылғы  «___»____________

  № ___ бұйрығына

  1-қосымша

 

 

«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде
    Абай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
  4. Бөлім: бөлім басшысы мен 3 бас маманнан тұрады (бөлімнің құрамына кіретін бөлімшелер жоқ).

 

  1. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаты:

1) Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу;

2) Басқарманың қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қолдану бойынша заңдылықтың және түсіндіру жұмыстарының сақталуын қамтамасыз ету;

3) Басқарманың кадрлық іс жүргізуін ұйымдастыру және жүргізу.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқылы:

1) Басқарма басшылығына Басқарма құрылымын жетілдіру және қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) өз құзыреті шегінде Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерімен немесе ұйымдармен технологиялық, ұйымдастырушылық және өндірістік мәселелер бойынша байланыстар орнатуға және өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

3) құпиялылық режимінің, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, қажетті құжаттаманы және басқа да ақпаратты белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сұратуға және алуға;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

Міндетті:

5) өз құзыреті шегінде басқармада ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға;

6) Басқарма басшысының келісімі бойынша үйлестіру, кеңес беру, консультативтік және басқа да органдарды құруға және олардың жұмысына қатысуға, бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмыс топтары мен комиссиялардың құрамына кіруге.

7. Функциялар:

1) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Басқарманың мүдделерін ұсыну;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізу;

3) Басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысу;

4) мемлекеттік органға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және сақталуын ұйымдастыру;

5) шарттардың уақтылы жасалуын, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын үйлестіруді қамтамасыз ету;

6) тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында басқарманың қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдау және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді;

7) заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;

8) мемлекеттік мекеменің төлемдер мен міндеттемелер бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлеу және бекіту;

9) төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдер дайындау;

10) басқару аппаратының бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуын бақылау;

11) Қазынашылық департаментіне сапалы төлем тапсырмалары мен шарттарын дайындау;

12) өнім берушілердің қабылданған міндеттемелерді 100% орындауын бақылауды қамтамасыз ету;

13) шарт бойынша шарттық міндеттемелер орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда заңнамалық нормативтерге сәйкес уақтылы шаралар қолдануға құқылы;

14) бюджет қаражатын игеру барысы туралы есепті және басқа да қаржылық, бюджеттік және бухгалтерлік есептілікті дайындау;

15) тауар-материалдық құндылықтардың, жанар-жағармай материалының шығысына мониторингті жүзеге асыру;

16) қаржы жылының аяқталуы бойынша негізгі және тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу;

17) негізгі құралдардың түсуі мен қозғалысын есепке алу бойынша жұмыс жүргізу;

18) Басқарма балансындағы мүлік бойынша есептерді ұсыну;

19) негізгі және тауарлық-материалдық құндылықтардың тозуына сәйкес уақтылы есептен шығару;

20) Басқарма аппаратының тауарлары, жұмыстары мен қызметтері бойынша есепке алуды уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;

21) төлем операциялары бойынша қазынашылықтың операциялық Бөлімімен күнделікті жұмыс, шарттар бойынша уақтылы төлем жүргізу;

22) белгіленген нысандар бойынша есепті деректерді ұсыну;

23) бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде басқарманың жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру;

24) әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, алдыңғы кезеңдерде бекітілген базалық шығыстарға, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген бюджетті жоспарлау;

25) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;

26) қажеттілігіне қарай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу;

27) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;

28) жетекшілік ететін бөлімдер әзірлеген және мемлекеттік сатып алу туралы қағидаларға сәйкес бекітілген конкурстық құжаттамаларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында қабылдау және орналастыру;

29) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды интернет-ресурста жариялау үшін ақпарат беру;

 30) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық комиссия қабылдаған шешімге сәйкес конкурсқа қатысуға рұқсат беру;

 31) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу;

32) өнім берушілер қабылдаған міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу;

33) веб-порталда орындалған шарттарды орналастыру;

34) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде «электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесінде және Басқарманың ресми сайтының «виртуалды қабылдау бөлмесінде» тіркеуді және есепке алуды жүргізу;

35) Басқарманың құжаттарын мемлекеттік тілде ресімдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ басқарманың мемлекеттік тілде әзірленген нормативтік-құқықтық актілерін және басқа да құжаттарын редакциялау;

36) өз құзыреті шегінде кіріс хаттар мен өтініштерге жауап беру;

37) Басқарма бөлімдері көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша жиынтық есептілікті жасау;

38) ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары,
ҚР Президенті Әкімшілігінің құжаттары, ПМК; облыс әкімінің өкімдері, облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының хаттамалық шешімдері; облыстық мәслихаттың шешімдерін; облыс әкімдігінің бақылау секторының құжаттарын; хаттамалық шешімдер мен тапсырмалардың орындалу мерзімдерін бақылау; жоғары тұрған мемлекеттік органдардан түскен құжаттар; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

39) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерін, мәслихат шешімдері мен әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындайды.

40) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

8. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

9. Бөлімді Басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

10. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

11. Бөлім басшысы бөлім қызметшілерінің міндеттерін айқындайды және әрқайсысы үшін лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлейді.

12. Бөлім басшысы Басқарманың кадр қызметіне ақпарат бере отырып, бөлімнің әрбір қызметшісінің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді.

13. Бөлім басшысы болмаған кезеңде Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасау Басқарма басшысының тиісті бұйрығына сәйкес оны алмастыратын адамға жүктеледі.

14. Бөлім қызметкерлері Басқарма басшысының қолына дайындаған құжаттарға құжатты дайындаған қызметкердің өзі, сондай-ақ бөлім басшысы немесе оны алмастыратын адам бұрыштама қояды. Бөлімнің атынан Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелеріне олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға құжатты дайындаған қызметкердің өзі бұрыштама қояды және оған бөлім басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.

 

4. Жауапкершілік

 

15. Осы Ережемен Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың сапасы мен уақтылы орындалуына барлық жауапкершілікті бөлім басшысы көтереді.

16. Басқа қызметшілердің жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді.

 

 

Бөлім басшысы____________    _       _ ________________    _                 _

                                                                        (қолы)                                       (тегі, аты, жөні)

 

                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 ноября 2024