«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сәулет, қала құрылысы және цифрландыру бөлімінің ережесі

Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.а.

2024 жылғы  «___»____________

  № ___ бұйрығына

  3-қосымша

 

 

«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сәулет, қала құрылысы

және цифрландыру бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

І. Жалпы ережелер

 

  1. Сәулет, қала құрылысы және цифрландыру бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде
    Абай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
  4. Бөлім: бөлім басшысы мен 4 бас маманнан тұрады (бөлімнің құрамына кіретін бөлімшелер жоқ).

 

  1. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаты:

Бөлімнің міндеті облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ, адамның мекендейтін және тіршілік ететін толыққанды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды орнықты дамыту болып табылады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

         Құқылы:

1) Басқарма басшылығына Басқарма құрылымын жетілдіру және қызметін ұйымдастыру, облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ, адамның мекендейтін және тіршілік ететін толыққанды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды орнықты дамыту бойынша ұсыныстар енгізу;      

2) өз құзыреті шегінде технологиялық, ұйымдастырушылық және өндірістік мәселелер бойынша Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерімен немесе ұйымдарымен байланыс орнату және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

3) қажетті құжаттаманы және өзге де ақпаратты қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, белгіленген тәртіпте және мерзімде сұратуға және алуға;                                                  

4) Бөлім өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды пайдаланады.

Міндетті:

1) қызмет процесінде туындаған мәселелер бойынша Басқарманың жоғары тұрған басшылығына уақтылы хабарлау;

2) құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтау;

4) Бөлімге жүктелген функцияларды, Басқарма басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;   

5) Басқармада орындалатын және бөлімнің құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік актілерінің іске асырылу барысына бақылауды жүзеге асыру;

6) Бөлімдегі мемлекеттік мүліктің сақталуы;

7) келіп түскен құжаттар, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шаралардың қаралуына және уақтылы қабылдануына тұрақты мониторинг жүргізу;

8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуы.

  1. Функциялар:

1) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

2) сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;

4) облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

5) ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған және кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

6) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгiзу;

7) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келiсiм беру;

8) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабардар ету;

9) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін, кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын) бекіту және іске асыру;

10) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;

11) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

12) халықаралық және республикалық деңгейлердегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалауға техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісу;

13) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумақтарының шекараларын келісу;

14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

15) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

16) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, қаладағы аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;

17) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізу және толықтыруды үйлестіру және мониторинг;

18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес  тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу объектілерін салу қатысушыларының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

19) мемлекеттік қызметтерді көрсету;

20) олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдарды және ынтымақтастықты жүзеге асыру.

21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді Басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы міндеттерді айқындайды және бөлім қызметкерлерінің әрқайсысы үшін лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлейді.
  5. Бөлім басшысы басқарманың кадр қызметіне ақпарат бере отырып, бөлімнің әрбір қызметкері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді.
  6. Бөлім басшысы болмаған кезеңде Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасау Басқарма басшысының тиісті бұйрығына сәйкес оны алмастыратын адамға жүктеледі.
  7. Бөлім қызметкерлері Басқарма басшысының қолына дайындаған құжаттарға құжатты дайындаған қызметкердің өзі, сондай-ақ бөлім басшысы немесе оны алмастыратын адам бұрыштама қояды. Бөлімнің атынан Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелеріне олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға құжатты дайындаған қызметкердің өзі бұрыштама қояды және оған бөлім басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.

 

  1. Жауапкершілік

 

  1. Осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функциялардың сапасы мен уақтылы орындалуына барлық жауапкершілікті бекітілген мамандар көтереді.
  2. Басқа мамандардың жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді.

 

Бөлім басшысы_______________                                                    ____

                                                                        (қолы)                                          (тегі, аты-жөні)

                                              

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

          Басшының орынбасары____________                                                    __

                                                                        (қолы)                                          (тегі, аты-жөні)

 

 

Дата публикации
08 ноября 2024