«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жер есебі, жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.а.

2024 жылғы  «___»____________

  № ___ бұйрығына

  2-қосымша

 

 

«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жер есебі, жер қатынастарын

реттеу және үйлестіру бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Жер есебі, жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде
    Абай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
  4. Бөлім: бөлім басшысы мен 5 бас маманнан тұрады (бөлімнің құрамына кіретін бөлімшелер жоқ).

 

  1. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаты:

1) Бөлімнің міндеті жер қатынастарын реттеу, облыстың жер ресурстарының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, жер учаскелерін беру, облыстың жер қорының бөлінуін есепке алу және жерге орналастыруды жүргізу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

         Құқылы:

         1) Басқарма басшылығына Басқарма құрылымын жетілдіру және қызметін ұйымдастыру, жер қатынастарын реттеу, облыстың жер ресурстарының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, жер учаскелерін беру, облыстың жер қорының бөлінуін есепке алу және жерге орналастыруды жүргізу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу;

         2) өз құзыреті шегінде технологиялық, ұйымдастырушылық және өндірістік мәселелер бойынша Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерімен немесе ұйымдарымен байланыс орнату және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

         3) қажетті құжаттаманы және өзге де ақпаратты қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, белгіленген тәртіпте және мерзімде сұратуға және алуға;        

         4) Бөлім өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды пайдаланады.        

         Міндетті:

         1) қызмет процесінде туындаған мәселелер бойынша Басқарманың жоғары тұрған басшылығына уақтылы хабарлау;

         2) құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету;

         3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;

         4) Бөлімге жүктелген функцияларды, Басқарма басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;   

         5) Басқармада орындалатын және бөлімнің құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік актілерінің іске асырылу барысына бақылауды жүзеге асыру;

         6) Бөлімдегі мемлекеттік мүліктің сақталуы;

         7) келіп түскен құжаттар, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шаралардың қаралуына және уақтылы қабылдануына тұрақты мониторинг жүргізу;

         8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуы.

  1. Функциялар:

1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) Облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өнеркәсіптік-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

3) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;

5) облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындауды жүзеге асыру;

6) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындауды жүзеге асыру;

7) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекітуді ұйымдастыру;

9) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

10) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру;

11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

12) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;

14) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту бойынша материалдарды әзірлеу;

17) облыстың атқарушы органының аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге табыс ету жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

18) облыстың атқарушы органының жер комиссиясының құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау, ол туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;

19) облыстың жергілікті атқарушы органының ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

20) облыстың жергілікті атқарушы органының жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекіту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

21)  облыстың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

22) облыстың жергілікті атқарушы органының орман қоры жерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

23) облыстың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;  

24) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға жайылымдарды ұтымды пайдалану туралы, жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы, жайылымдардың жемшөп сыйымдылығы туралы, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы ұсыныстар дайындау, жартыжылдық және жылдық есептер беру;

25) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 120-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарға материалдарды келісуге ұсыну бойынша материалдар дайындау;

26) облыстың жергілікті өкілдік және атқарушы органдарының облыс орталықтарында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

27) облыстың атқарушы органының облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісім бойынша белгілеу және өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

28) облыстың атқарушы органының аудандық маңызы бар қалалардың шекарасын белгілеу және өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

29) облыс шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріңнің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу бойынша облыстың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен ұсыныстарының жобаларын дайындау, оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;

30) жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерешеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу жөніндегі облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерінің жобаларын дайындау;

31) облыстық жер комиссиясының жұмыс органы болып табылады;

32) мемлекеттік қызметтерді көрсету;

33) олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдарды және ынтымақтастықты жүзеге асыру.

34) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. 3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді Басқарма басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы міндеттерді айқындайды және бөлім қызметкерлерінің әрқайсысы үшін лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлейді.
  5. Бөлім басшысы басқарманың кадр қызметіне ақпарат бере отырып, бөлімнің әрбір қызметкері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді.
  6. Бөлім басшысы болмаған кезеңде Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасау Басқарма басшысының тиісті бұйрығына сәйкес оны алмастыратын адамға жүктеледі.
  7. Бөлім қызметкерлері Басқарма басшысының қолына дайындаған құжаттарға құжатты дайындаған қызметкердің өзі, сондай-ақ бөлім басшысы немесе оны алмастыратын адам бұрыштама қояды. Бөлімнің атынан Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелеріне олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға құжатты дайындаған қызметкердің өзі бұрыштама қояды және оған бөлім басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.

 

  1. Жауапкершілік

 

  1. Осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функциялардың сапасы мен уақтылы орындалуына барлық жауапкершілікті бекітілген мамандар көтереді.
  2. Басқа мамандардың жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді.

 

Бөлім басшысы_______________                                                    ____

                                                                        (қолы)                                          (тегі, аты-жөні)

                                              

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

          Басшының орынбасары____________                                                    __

                                                                        (қолы)                                          (тегі, аты-жөні)

 

Дата публикации
08 ноября 2024