Ұлыстың ұлы күні- 22 наурыз!

Ұлыстың ұлы күні-  22 наурыз!

Құрметті достар, ардақты жерлестер!

Сіздерді көктемнің шуағын, жаңа өмірдің басталуын білдіретін Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – бейбітшілік пен бірліктің, жаңару мен мейірімділіктің жаршысы. Әрбір шаңыраққа бақыт, береке, құт-несібе және молшылық тілеймін!

Наурыз – табиғаттың ғана емес, жан дүниеміздің де жаңаруының символы. Көктеммен бірге өмірлеріңізге жаңа үміт, жарқын армандар және толағай табыстар келсін! Денсаулықтарыңыз мықты, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жүректеріңіз жылы болсын.

Үйлеріңізде ырыс-береке, дастархандарыңыз мол, өмірлеріңіз шуақты болсын! Халқымыздың ынтымағы артып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!