Ауыл шаруашылығы саласындағы жекелеген мәселелері бойынша жиын өтті

Ауыл шаруашылығы саласындағы жекелеген мәселелері бойынша жиын өтті

Ағымдағы жылдың 24 ақпаны күні Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменовтың төрағалығымен жиын өтті. Аталған жиынға ауыл шаруышылығы басқарма басшысы Ертай Мүбәрәкұлы, ветеринария басқармасының басшысы Ержан Мұратбекұлы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысының орынбасары Айбек Смағұлұлы және қала мен аудан әкімдері, әкім орынбасарлары қатысты. Жиында 2024 жылғы 30 желтоқсандағы хаттамалық тапсырманың орындалу барысы бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу тәуекелінің факторларын анықтау және жою, сондай-ақ инвестициялық көрсеткіштердің орындалуы, инвестициялар тарту және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша тақырыптар қозғалып, талқыланды. Жиынның соңында Қуаныш Серқазыұлымен тиісті тапсырмалар берілді.