
Бесқарағай ауданында ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында дәстүрлі семинар өтті. Іс-шараға аудан әкімдігі, Абай облысының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік басқармалары, қаржы институттары мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуші компаниялар қатысты.
Семинар барысында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген несие беру, мемлекеттік субсидиялар алу, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке сатып алу, сондай-ақ шағын және орта бизнеске инфрақұрылым тарту мәселелері қаралды.
Семинар барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, сала мамандарынан қажетті кеңестер алды. Іс-шара соңында аудан әкімдігі барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы ауыл шаруашылығы маусымының табысты болуын тіледі.