Абай облысының делегациясы «Қазан Агро-2025» көрмесіне барды

Абай облысының делегациясы «Қазан Агро-2025» көрмесіне барды

12-14 ақпан аралығында Татарстан Республикасының Қазан қаласында «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығында «Қазан Агро» Агроөнеркәсіптік кешені жетістіктерінің мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде. Көрмеге облыс делегациясының өкілдері, оның ішінде әкімнің орынбасары Қуаныш Сүлейменов, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бауржан Артықпаев, «Семей» ӘКК басшысы Абай Амангельдин, «қазақ ақбас тұқымының Республикалық палатасының» атқарушы директоры Бахтияр Өтелбаев, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес өкілдері қатысты. Сапар барысында делегация «Шинар» роботтандырылған сүт кешеніне және ауылшаруашылық жабдықтарын өндіруші «Казансельмаш» ЖШС кәсіпорнына барды.