
Семейде кезекті мәрте ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Мақаншы ауданы шаруаларының қала тұрғындары үшін әзірлеген жәрмеңкеге халық көп жиналды. Облыс орталығында өткен жылдың қараша айынан бері ұйымдастырылып келе жатқан жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған.
Бүгінгі жәрмеңкеге Мақаншы ауданына қарасты ауылдық округтердің шаруалары қатысты. Шаруалар қалалықтардың қыс мезгілінде үлкен сұранысқа ие өнімдерін әкелген.
Жәрмеңкеге 1 200 кг cиыр еті, 150 кг қой еті, 90 кг балық, 50 кг нан өнімдері, 1050 кг картоп, 300 кг сәбіз, 300 кг сарымсақ, 260 кг қырыққабат, 20 л сүт, 20 л қаймақ, 20 кг сары май и
20 кг сүзбе нарықтық бағадан төмен бағада саудаланды.
«Северный» сауда-логистикалық орталығының ауласына киіз үй тігіп, жәрмеңкеге келушілерге дастархан жайылды. Аудан жастары жәрмеңкешілерге ыстық шәй мен бауырсақ таратып, Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы семейліктердің көңілін көтерді.
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес мұндай жәрмеңкелер мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.