Үржар ауданында семинар-кеңес өтті

Үржар ауданында семинар-кеңес өтті

Бүгін  Үржар ауданында «Көктемгі егістікке дайындық жұмыстары, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау және несиелеу, лизингке ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу жолдары» тақырыбында өткен семинар-кеңес өтті.

Жиынға Абай облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев, облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық даму басқармасы жеке кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Малікаждар, облыстық мәслихаттың депутаты Мамырбек Қарашев, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты.  Сонымен бірге, ауданымыздың шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлері және қаржылық институттар, тұқым, тыңайтқыш пен гербицид сатушы мекемелері мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатушы кәсіпорындар арнайы шақырылып, өз өнімдерін ұсынды. 

Іс-шарада «Аграрлық несие корпорациясы», «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» және «Halyk Bank» секілді қаржылық институттары тарапынан жеңілдетілген пайызбен берілетін несие алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шаруашылықтардың тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.