Татарстан Республикасының делегациясы Абай облысы делегациясының шаруашылықтарымен танысты

Татарстан Республикасының делегациясы Абай облысы делегациясының шаруашылықтарымен танысты

Татарстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаров бастаған делегация облысымыздағы бірнеше шаруашылықты аралады.

Алғашқы ат басын тіреген Жаңасемей ауданындағы «Агрофирма Приречное» ЖШС бүгінде ірі қара мал өсіру, көкөністерді өндіру, сату, өңдеу және сақтаумен айналысатын ірі кәсіпорын. Шаруашылық «Қазақ ақбас тұқымының республикалық палатасы» және «Әулиекөл тұқымы бойынша республикалық палатасының» мүшесі.

100-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық картоп өндірісі бойынша тұқым шаруашылығы, етті бағыттағы қазақтың ақбас тұқымды асыл тұқымды мал өсіру жөніндегі зауыт мәртебесіне ие.

Сонымен қатар, өңіріміздегі егістік алқапты жаңбырлатып суғару әдісін енгізген алғашқылардың бірі. Бүгінде иеліктерінде 28 жаңбырлатқыш машина бар. Оның 19 -ы «Фрегат» жаңбырлатқыш машинасы, 2 - «Zimmatik» айналмалы суару қондырғысы, 3 - Рейнке айналмалы суару машинасы, 4 - «Valley» жаңбырлатқыш қондырғысы. Сыйымдылығы 14,0 мың тоннаға 7 картоп-көкөніс қоймасы бар.

1993 жылы құрылғаннан бері кәсіпорында 12 инвестициялық жоба іске асырылды. Ағымдағы жылда 10 мың басқа арналған бордақылау алаңын салу жоспарлануда.

Қазандық қонақтар аялдаған тағы бір шаруашылық Бородулиха ауданында орналасқан «Лазарев и К» ЖШС асыл тұқымды шаруа қожалығы қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсірумен айналысады. Шаруашылық мал тұқымын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіп, селекциялық қызмет атқарады. Жетістіктерінің бірі - аналық малдың «Элита рекорды» санатын алу. Кәсіпорында күнбағыс тұқымын қайта өңдеу бойынша экстракциялық желісі (қуаттылығы 12,5 мың тонна), сондай-ақ ара өсіру бойынша асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі бар.

Ал аудандағы «Зенковское» ЖШС дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды және ірі қара мал өсірумен айналысады. Шаруа қожалық қазақтың ақбас тұқымды бұқаларын қолдана отырып, ірі қара малдың селекциялық-асыл тұқымдық жұмысын жүргізеді.

Сонымен қатар, Бесқарағай ауданында орналасқан «Азамат-2» ӘКК «Бақай 71-89 желісі», «Заман 55-88 желісі», «Ертіс зауыты үлгісіндегі» мұғалжар жылқы тұқымын шығарған кооперативімен және қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсіруші «Саттаров» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Бесқарағай ауданында орналасқан «Азамат 2» АШӨК базасында жылқы тұқымын өсіру жөніндегі селекциялық асыл тұқымды жұмыс саласында жетістікке жеткен, «Бақай 71-89 желісі», «Заман 55-88 желісі», «Ертіс зауыты үлгісіндегі» мұғалжар жылқы тұқымын шығарған кооперативімен танысты.