
Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында жұмыс сапары аясында Абай облысына Татарстан Республикасының «Қазан деликатестері» ЖШС директоры Султанов Расул Джанбекович келді. Сапар барысында Расул Джанбекович дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды, майлы және жемшөптік дақылдарды және де ірі қара мал өсірумен айналысатын «Лазарев и К» ЖШС, ірі қара мал өсірумен, көкөністерді өндірумен, өңдеумен және сақтаумен айналысатын «Агрофирма Приречное» ЖШС сияқты агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына барды. Сондай-ақ, «АРАЙ-EAST FOOD» ЖШС ет комбинатының шұжық өнімдері өндірісімен танысты.
Жұмыс сапарының мақсаты Татарстан Республикасы мен Абай облысы арасында тәжірибе алмасу, етті мал шаруашылығының, сондай-ақ тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің үздік тәжірибелерін зерделеу болып табылады.