
Ағымдағы жылы егін жинау алаңы 749,5 мың га (оның ішінде дәнді дақылдар – 299,0 мың га, майлы дақылдар 295,8 мың га, картоп 5,8 мың.га, көкеністер 5,4 мың.га, 143,5 мың га жем-шөп дақылдары) құрайды.
Бүгінгі күнге барлығы 299,0 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе 99,9% жиналды.
Орташа өнімділік 15,0 ц/га құрап, 449,7 мың тонна астық бастырылды.
Бидай жинау алаңы 239,0 мың га құрайды. Бүгінгі күні 239,0 мың га орылды, 359,0 мың тоннадан астам бастырылды, орташа өнімділік 15,0 ц/га.
Майлы дақылдар бойынша жоспар 295,8 мың га құрап, 295,8 мың га орылды немесе 100%, 444,8 мың тоннадан астам бастырылды, орташа өнімділік 15,0 ц/га.
Картопты жинау алаңы 5,8 мың га құрайды. Қазірде 5,8 мың га жиналды, орташа өнімділігі 229,8 ц/га құрап, 134,2 мың тонна жиналды.
Көкөніс дақылдарын жинау алаңы 5,4 мың га құрайды. Қазіргі уақытта 5,4 мың га жиналып, орташа өнімділік 236,9 ц/га құрады, 128,4 мың тонна өнім жиналды.