Ағымдағы жылдың 1-30 желтоқсан аралығында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемін қалыптастыруға өтінімдер қабылдау басталады

Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрықпен бекіткен Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2-тараудың 4-тармағын орындау үшін, 2025 жылға көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемдерін қалыптастыруға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылғы 1 мен 30 желтоқсан аралығында «GOSAGRO.KZ» портал арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.