Үржар ауданындағы ауыл шаруашылығы: даму ерекшеліктері мен перспективалары

Үржар ауданындағы ауыл шаруашылығы: даму ерекшеліктері мен перспективалары

Үржар ауданы облыс көлеміндегі ауылшаруашылық бағытындағы ірі аудандардың бірі. Ауыл шаруашылығы саласының негізін егін шаруашылығы және мал шаруашылығы құрайды. Жалпы аудан бойынша 1 912 шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Шаруа қожалықтың 1 019 егін шаруашылығымен, 723 мал шаруашылығымен және де 170 қожалық аралас саламен айналысады.

Бұл өңірдің ауыл шаруашығының ерекшілігінің бірі омарта шаруашылығы болып табылады. Аталған аудан облыстағы омарта шаруашылығында ең ірі әрі аса дамыған. Ара шаруашылығымен 130 астам шаруашылық, оның ішінде 16 асыл тұқымды ара шаруашылықтары шұғылданады. Жалпы 7 737 дана ара ұяларынан орта есеппен жылына 380 тонна бал өндірілуде. Өндірілген бал өнімдері ауданнан тыс жерлерде Алматы, Семей, Өскемен қалаларында саудаланады. Сонымен қатар, алдағы уақыттарда Қытай Халық Республикасының нарығына шығу бағытында жұмыстар жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы бойынша ауданда жалпы өндірген өнім көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 33,7 млрд. теңгеге жетіп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 101,2% өсім көрсетті. Соның ішінде, мал шаруашылығы саласында 13,4 млрд теңге және өсімдік шаруашылығында 20,3 млрд теңгені құрады.

Облыс көлемінде өндірілген өнімдерінің 12,0% Үржар ауданына тиесілі (облыстық көрсеткіш 278,8 млрд теңге).

Облысымыздың құрылған кезеңінен бастап өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарыменен 7,4 млрд теңгеге 462 бірлік жаңа ауыл шаруашылық техникалары (2024 жылдың 10 айында 3.2 млрд теңгеге 177 бірлік) сатылып алынды:

Бүгінде аумақтың егістік алқабы 111 мың  га, оның ішінде 35 мың га дәнді дақылдар, 45 мың га майлы дақылдар (күнбағыс - 44 мың  га, мақсары – 0,4 мың га, соя - 0,7 мың га, зығыр – 0,7 мың га), 0,3 мың га картоп, 2,5 мың га көкөністер мен бақша дақылдары және 28 мың мал азығы дақылдары алады.

Ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындалып қолданылған  жаздық дәнді-дақылдар тұқымы 8,7 мың тонна (2 мың тоннасы 1 классты, 6,7 мың тоннасы 2 классты тұқымдар). Және де қосымша шаруашылықтар тұқым сататын мекемелерден 20 тонна элиталы бидай және күнбағыстың 7 мың егіс бірлігі (посевных единиц) нәсілді тұқымдарын егістікке пайдаланылды. Сонымен қатар, жердің құнарлығын арттырып, жоғары өнім алу негізінде ауданымыздағы ауыл шаруашылық құрылымдары 3,6 мың тонна минералды тыңайтқыштарды егістік алқаптарына қолданды.

Ауыл шаруашылығы саласындағы әсіресе мал шаруашылығында оң нәтижелер байқалуда. Қазіргі таңда өңірде 66 мың ірі қара мал басы (өсім 9,4%), оның ішінде сауын сиырлар – 29 мың бас (өсім 40 %), 110 мың ұсақ мүйізді мал (өсім 28,2%), 16 мың жылқы басы мен 169 мың бас үй құстары бар.

Сойылып сатылған ет көлемі – 4,6 мың тоннаны құрап, 106,4 %-ға, сауылған сиыр сүті – 23,5 мың тоннаны құрап, 100,3 %-ға, жұмыртқа – 8,9 млн дананы құрап, 100,1 %-ға өсім көрсетті.

Сонымен қатар, 3 400 бас ірі қара малына арналған 6 мал бордақылау алаңдары жұмыс атқаруда. 3 мал сою пункттері, 2 мал сою алаңдары халыққа қызмет көрсетуде.

Мал өнімділігін, өсім саны мен сапасын арттыруда асыл тұқымды малдың маңыздылығы жоғары. Ауданда асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығымен 31 шаруа қожалық, асыл тұқымды қой шаруашылығымен 26 шаруа қожалық айналысады, олардағы асыл тұқымды ірі қара мал саны 6 934 басты (жалпы аналық малдың 23,5%), асыл тұқымды қойдың саны 8 160 басты (жалпы аналық қойдың 10,9%) құрайды

Өткен 2 жылда мемлекет тарапынан қарастырылған бағдарламалар шеңберінде қаржылық институттары арқылы аудан бойынша барлығы 3 млрд теңгеге 150 жоба қаржыландырылды, оның ішінде «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде 1,9 млрд теңгеге 121 жоба, «Даму» АҚ арқылы 1 млрд теңгеге 29 жоба несиелендірілді.

Ал, 2,5%-дық несиелер беру арқылы ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында аудан бойынша 109 жобаға 583,7 млн.теңге берілді.

Соңғы жылдары ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары егістікте суды үнемдеу технологиясына үлкен мән беруде. Бүгінгі күні «Алғабас» шаруа қожалығы 220 га жүгері алқабын және «Болашақ» шаруа қожалығы 20 га бидайды жаңбырлату әдісімен суғарды. Ал «Muhit Agro» ЖШС 1 200 га алқапты суару жобасы іске қосылады, оның ішінде 183 га қытай бұршақ және 777 га жүгері алқабын су үнемдеу тәсілі енгізілді.

Сонымен қоса, «East Agro» ЖШС 801 млн теңгеге 17 бірлік жаңбырлатқыш қондырғыны сатып алып орнатты. Жаңбырлату техникаларының қуаттылығы 1 360 гектар аумаққа арналған. Қазірде су алу және жабдықтау инфрақұрылымын салу бойына жұмыстар атқаруда.

Осы аталған инвестициялық жобалардың іске қосудың арқасында суды үнемдейтін озық технологияларды енгізу арқылы ауданның өсімдік шаруашылығын одан әрі тиімді дамуту үшін мүмкіндіктер ашылуда.