Үкіметте СҚО тәжірибесі негізінде жаңа тауарлы-сүт фермаларын салу мәселесі қаралды

Үкіметте СҚО тәжірибесі негізінде жаңа тауарлы-сүт фермаларын салу мәселесі қаралды

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте өңірлерде Үлкен жоба бойынша салынып жатқан тауарлы-сүт фермаларының құрылыс барысы қаралды.

СҚО-ның тауарлы-сүт фермалары құрылысына жеңілдікпен несие беру немесе Үлкен жоба бойынша оң тәжірибені тарату 2023 жылы басталды. 100 млрд теңгенің бірінші траншына жылдық 2,5%-бен 2024 жылы 65 ТСФ салынуы тиіс. Ең көп жаңа кәсіпорын СҚО-да салынуда, онда 17 жоба іске асырылып жатыр. Жинақталған тәжірибені ескере отырып, мұнда Үлкен жоба бойынша 17 млрд теңге көлеміндегі қаражат негізінен мал сатып алуға және жаңа ТСФ-ның құрылыс-монтаждау жұмыстарына берілді. Бұл ретте жалпы сомасы 54,5 млрд теңгені құрайтын жаңа 17 ТСФ құрылысына қажетті қалған инвестицияны кәсіпкерлер салды. 12 жоба Алматы, 7 – Ақмола, 6 – Павлодар және Шығыс Қазақстан, 5 – Қостанай, 4 – Батыс Қазақстан, 3 – Жетісу, 2 – Түркістан және Абай облыстарында, 1 жоба – Ақтөбе облысында жүзеге асырылып жатыр.

Жиында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы атап өткендей, қазіргі уақытта жалпы құны 100 млрд теңге болатын 2023 жылғы транштың игерілуі 94,4%-ды құрайды. Қазірдің өзінде 20 ТСФ салынып, пайдалануға берілді, 24 жоба бойынша жұмыстар аяқталуда.

Абай облысында "Қалиханұлы" ШҚ және "Өрнек" ЖШС базасында 2 жоба іске асырылды. Сүтті-тауарлы фермаларын кеңейту мақсатында шет елдерден 601 асыл тұқымды аналық бас (симменталь, Голштино-фриз тұқымдары), сондай-ақ заманауи озық техника мен құрал-жабдықтар (Zoomlin тракторы, астық тасушы самосвал көлігі тіркемесімен, ГАЗ 322173 маркалы шағын автобус, жемшөп жинайтын John Deere 7250 маркалы комбайн және өзге де құрал жабдықтар) сатып алынды.

Вице-премьер Серік Жұманғарин жобалардың кешеуілдеуіне қатысты өңір басшыларын тыңдап, іске асыруы биылға жоспарланған барлық жобаның төртінші тоқсанда аяқталуын жеделдетуді тапсырды.