Облыста күздік дақылдар толығымен егілді

Облыста күздік дақылдар толығымен егілді

Ағымдағы жылы облыс бойынша күзгі дақылдардың себілген алаңы 6,7 мың гектарды құрады. Қазіргі уақытта бидай 5,24 мың гектарға, қара бидай 1,42 мың гектарға егілді.

2023 жылы күздік дақылдар 7,0 мың гектар алаңға себіліп, жиналған алаңнан 12,7 мың тонна бастырылды, өнімділік 18,0 ц/га құрады.

Ағымдағы жылы топырақтың ылғалды және құнарлы  болуына байланысты келер жылы өнімділік көрсеткішінің 21 ц/га -ға дейін өсуі жоспарлануда.

Күздік дәнді дақылдар өсірудің ғылыми негізделген технологиясын сақтай отырып, жақсы және сапалы көрсеткіштері бар жоғары астық өнімділігін қалыптастырады.