Абай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының импорты

Абай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының импорты

Облысымыздың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы жануарларының генофондын жақсарту мақсатында белсенді жұмыстар жүргізуде.

          Жыл басынан, облыстың шаруа қожалықтары 533 бас етті-сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малын  импорттады. Оның ішінде, АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды кредиттеу бағдарламасы шеңберінде (Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау) Германия мен Ресей Федерациясынан  ірі қара малының сүт бағытындағы аналық 441 бас симменталь тұқымы және 33 бас голштино-фриз тұқымы сатып алынды, 2024 жылғы 2 тамыздағы жағдай бойынша оның симменталь тұқымды 62 басы Қазақстан Республикасында карантинге қойылды ("Қалиханұлы" ШҚ), сонымен қатар 132 бас симменталь тұқымы жеткізіледі деп күтілуде.

          Анықтама: Жалпы, аталған бағдарлама аясында облысымыздың 2 сүтті-тауарлы фермаларын кеңейтуге (Бесқарағай ауданындағы Қалиханұлы» шаруа қожалығы; Көкпекті ауданындағы «Өрнек» ЖШС) 2 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік несие беріліп, қаражат шетел мемлекеттерінен (Германия, Австрия, Чехия және Ресей Федерациясы) барлығы 606 бас Симментал, Голштино-фриз тұқымдарының 18 айдан асқан құнажындарын, техникамен құрал-жабдықтар сатып алуға бағытталмақ..

          Осы жобалар ағымдағы жылдың күз айларында іске асырылады.