Тұқымдық түрлендіру бойынша ақпарат

Тұқымдық түрлендіру бойынша ақпарат

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі Жол картасына сәйкес бағыттардың бірі тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық мал басының үлесін ұлғайту жөніндегі іс-шара болып табылады.

Абай облысында, ағымдағы жылдың 10 шілдедегі жағдайы бойынша тұқымдық түрлендіруге 92,4 мың аналық ІҚМ басы (барлық тауарлық аналық мал басының 33,9%-ын құрайды) және 3 425 асыл тұқымды бұқа қатысуда.

Аталған бағдарлама аясында облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қарқынды жұмыс жүргізуде. Мысалы, Жарма ауданында орналасқан «Кезенсу» АШӨК жетекшісі Манап Нұртуған Шыңғысұлы  мал басын асылдандыру мақсатында өз жұмысын 2020 жылдан бастады. Бүгінгі күнде кооперативте мүшелерінің саны 100-ден асып, аналық мал басының саны 1 529 басты құрады.

«Кезенсу» АШӨК етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаларды пайдаланып, тұқымдық түрлендіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Тұқымдық түрлендіру жұмыстарының нәтижесінде алынған төлдерінің салмақ үлесі 15-20 кг дейін ұлғаюы байқалады. АШӨК мемлекеттік қолдау шараларына белсенді қатысады.

Сонымен қатар саланы дамыту мақсатында облысымызда жылына 220 000 доза ұрық алу қуаттылығымен «Шалабай» ЖШС базасында асыл тұқымдық бұқалардың ұрығын алу, консервациялау және қолдан ұрықтандыру зертханасын ашу жоспарланған.

Тұқымдық түрлендіру жұмыстарының арқасында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамуы, мал шаруашылығының өнімділігі және өнім сапасы артуда. Мемлекет тарапынан бұл бағытта жұмыс істеп жүрген шаруаларға қолдау көрсетілуде.

Толық ақпаратты сілтемеге өту арқылы көре аласыздар https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agro/press/media/details/53628?lang=kk