Абай облысы бойынша шегіртке зиянкестерімен күресу жұмыстары жалғасуда

Абай облысы бойынша шегіртке зиянкестерімен күресу жұмыстары жалғасуда

Бүгінгі таңда Абай облысы бойынша шегіртке зиянкестерімен күресу жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде Үржар ауданы Үржар өзенінің бойында орналасқан Егінсу, Елтай ауылдық округтерінде 500 га алқапта азиялық шегірткенің таралу ошағы анықталды.

Сонымен қатар, облыстық жедел штабтың мониторингтік жұмыстарына сәйкес 3 шілдеде Көкөзек ауылдық округінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде 1000 га алаңда жаңа ошақ табылды.

Нәтижесінде, бұл аймақ толығымен ошақталды және авиациялық техникамен фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілді.

4 шілдеде жедел штабтың Мақаншы ауданында Қабанбай ауылдық округінде 300 га аумақта азиялық шегірткенің таралу ошағы табылды. 1 авиация техникасы жұмылдырылып, тиісті іс-шара жүргізіледі.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда.

Анықтама: жоспарланған жалпы аумақтың 77,2 мың гектарынан 70 мың гектар өңделді, 19 жер үсті және 1 аса жеңіл авиация жұмылдырылды.