
Бүгінгі таңда Абай облысы бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда.
Өңдеуге 19 жер үсті және 1 аса жеңіл авиация қатысады.
Өңделген алаң 68,8 мың га құрайды (жоспардың 88,9%). Саяқ шегірткелерге қарсы жоспарланған фитосанитариялық іс-шаралар 18,2 мың га алаңда 100% - ға аяқталды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасы Абай облысының фитосанитариялық диагностика және болжамдар республикалық әдістемелік орталығының филиалымен бірлесіп мониторингтік тексерулер жүргізді және қосымша 14 130 га алаңда экономикалық зияндылық шегінен жоғары саяқ шегірткелердің таралуының жаңа ошақтары анықталды.
29.06.2024 ж. бастап таңғы уақыттарда Семей - Қарауыл, Семей - Курчатов, Семей - Знаменка тас жолдарында (3 бағытта) саяқ шегірткелерге қарсы арнайы препараттармен өңдеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 1 620 га өңделді, барлығы 7 бірлік техника жұмылдырылды.
Шегіртке зиянкестерімен күрес белсенді түрде жалғасуда. Жағдай тұрақты, үнемі бақылауда.